Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Палау – шығыс тағамдарының ең дәмдісі

Палау – шығыс тағамдарының ең дәмдісі

ÐÐ°Ð»Ð°Ñ â ÑÑÒÑÑ ÑаÒамдаÑÑнÑÒ£ паÑÑаÑÑПалау – әлемдегі ең танымал және ең көп сұранысқа ие тағамдардың бірі. Палауды жасауды және оны жеуді жақсы білгенімізбен, оның тарихына келгенде айтарымыз таусылып қалатындығы ақиқат. Алайда, бүгінгі жазба сіздің осы олқылығыңыздың орнын толтыра алады. Палаудың ең алғаш дүниеге келуін б.з.д. 2-3 ғасырларға жатқызуға болады. Дәл осы кезеңде күріш пайда болған еді. Палаудың шыққан жері - Таяу Шығыс және Үндістан. Бұл тағамның жүздеген мәзірі белгілі. Және әрбір елде, әрбір ауданда, әрбір халықта өзіндік ерекшеліктері бар. Каспий жағалауындағы елдерде, Түркіменстаннан бекіре балық қосылған, Түркия мен Өзбекстаннан өрік, анар, алша қосылған, Қазақстаннан жылқы еті мен қазы, құйрық қосылған палауды жей аласыз. Керек десеңіз, әзірбайжандық Шах-Гусейн Кермиов "Әзербайжан палауы" атты кітабына осы тағамның жүзден астам түрін жасап, талдап енгізген. Палаудың мерекелік дастарханға енгендігі туралы алғашқы деректер ІХ-Х ғасырларға жатады. Тағамды бұл уақытта "пилав" деп атаған екен. Ортағасырлық араб әдебиетінің шоқтығы биік туындысы "Мың бір түндегі" палаудың аталатын жері есіңізде ме? Палау сөзі (плов) парсы тілінен шыққан. Атақты қолбасшы Александр Македонскийдің өмірбаянында Парсы мен Самарқанд жерін мекендейтін халықтарды палаумен тамақтандырғаны айтылады. Тағы бір деректер біз білетін ет, сәбіз, дәмдеуіштер қосылған палауды Македонскийдің аспаздары ойлап тапқандығын айтып отыр. Ұлы қолбасшы тағамды қатты талғап жейтін болғандықтан, осы тағамның дәмді болып шығуын қадағалап, жаңа тағамға "полув" деген ат таққан деседі. Бұл сөзді көне грек тілінен аударғанда "әртүрлі құрам" деген мағынаны білдіреді. "Полув" сөзі уақыт өте келе "пилав", "палау", "полов", "члав" деп өзгеріп, бүгінге жетіп отыр. Шығыстың көне қолжазбаларында палаудың Х-ХІ ғасырда мәртебелі тағам болғандығы айтылады. Оны үйлену тойларға, халықтық мерекелерге, жерулеу рәсімдеріне қойған. Тіпті, белгілі қолбасшы Әмір Темір сарбаздарына күш жинау керек болғанда, аспаздарына палау дайындауды бұйырған екен. Оның палауы былай дайындалды: үлкен шұңғыл қазан алынып, оған қой етін, сұрыпталған күрішті, жас сәбіздерді, ащы пиязды салып қайнатылады. Мұндай тағамды жеген Әмір Темірдің әскері жеңілу дегенді білмейтін.

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930