Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Поэзия патшайымы: Анна Ахматоваға – 130 жыл

Поэзия патшайымы: Анна Ахматоваға – 130 жыл

ÐоÑÐ·Ð¸Ñ Ð¿Ð°ÑÑайÑмÑ: Ðнна ÐÑмаÑоваÒа â 130 жÑлАнна Андреевна Ахматова (шын тегі – Горенко) 1889 жылдың 22 маусымында отставкадағы флоттық инженер механиктің отбасында дүниеге келген. Биыл махаббат жыршысына 130 жыл толып отыр. Анна Ахматова 1966 жылы Нобель сыйлығына ұсынылған Нобель сыйлығы кандидаттарының есімі 50 жылға дейін жария етілмейтіні белгілі. Жуырда сыйлықты табыстаушы Швед академиясы 1966 жылы Нобель сыйлығына ұсынылғандардың тізімін көпшілік назарына ұсынды. Олардың қатарында ақын Анна Ахматова да бар болып шықты. Сол жылғы әдеби жүлдені берлиндік Нелли Закс есімді ақын мен израильдік Шмуэль Агнон есімді жазушы бөліп алған болатын. Ақын сыйды «еврей ұлты тарихын зерттеудегі ерекше лирикалық және драмалық шығармашылығы үшін», ал жазушы "еврейлік сарынға сай айрықша сөз саптау өнері үшін" алды. Сол жылы Нобель иегері атанудан бір қадам артта қалғандар қатарында Константин Паустовский мен Владимир Набоков та бар екен. Сондай-ақ, Нобельді кейінірек алған Сэмюэль Беккет, Пабло Неруда, Генрих Белль мен Ясунари Кавабата сынды кандидаттар да болған. 2015 жылы белгілі болған деректер бойынша Ахматова аталған сыйға 1965 жылы да ұсынылған. Ахматова ағылшын тілін үйренбек болған? Орыс әдебиетінің жарқын өкілі Анна Андреевна Ахматованың жыл сайын міндетті түрде қайталап оқитын 3 авторы болған. Солардың бірі – Шекспир. Ол отыз жасқа келгенде "Шекспирді түпнұсқада оқымай сүрген өмірдің еш мәні жоқ" деген ойға қалады. Шекспир өзге ұлт жазушылары ішіндегі ең сүйіктісі еді. Содан жан-тәнімен жақсы көретін туындыларын ағылшынша оқу үшін ол осы тілді меңгеруге мәжбүр болады. Оған алғашқы дәрістерді ақын, драматург, аудармашы Самуил Яковлевич Маршак берген екен. Кейін Ахматованың өзі күніне 8 сағат уақытын бөліп, грамматикалық ережелерді игере бастайды. Содан жарты жыл өткен соң, онсыз да жатқа оқитын Шекспирін ағылшынша судырата оқитын болыпты.   3 автордың қалған екеуін білу сіз үшін маңызды болса, назар салыңыз. Олардың бірі – Данте ("Құдіретті комедия"). Оны ақын итальян тілінде оқыған. Ал, екіншісі – орыс поэзиясының күні Пушкин. 

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 693 0