Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сиқыршылар туралы 5 фильм

Сиқыршылар туралы 5 фильм

СиÒÑÑÑÑÐ»Ð°Ñ ÑÑÑÐ°Ð»Ñ 5 ÑилÑмЕгер сиқыршылардың өнерін ұнатсаңыз, онда олар туралы фильмдер де көңіліңізден шығады. Сиқыршылар әлемі және сиқырлы шоудың астыртын жағын көргіңіз келсе, олар туралы 5 фильм ұсынамыз. Бедел, 2006 Роберт пен Альфред – XIX-XX ғасырларда Лондонда өмір сүрген. Бір-бірімен бақталас сиқыршылар. Жылдар өте олардың достық бәсекелестігі кәсіби түрде нағыз соғысқа айналады. Олар бір-бірінің фантастикалық трюктерінің құпиясын ашып, оның орындалуын бұзу үшін бәріне барады. Бұл араздық оларды қоршаған адамдардың өміріне қауіп келтіре бастайды... Ұлы Бак Ховард, 2008 Трой Гэбл – заң колледжінің студенті. Бірақ ол заңгер болғысы келмейді, сондықтан әкесіне қарсы шығып, оқуды тастап кетеді. Трой заңгер болудың орнына сиқыршы Бак Ховардтың көмекшісі болып жұмыс істеуді жөн көреді. Басты кейіпкер қандай өмірлік жолды таңдайды? Қызық болса, фильмді көріңіз. Таңғажайып Берт Уандерстоун, 2013 Берт кішкентайынан ұлы адам болуды армандайды. Туған күнінде оған анасы жас сиқыршы жинағын сыйлыққа береді, содан кейін оның өмірі өзгереді. Жылдар өткен соң Берт досымен бірге қалаларды аралап, шоу-бағдарламалар көрсетеді. Бірақ бір күні ол өзінің серіктесінен айырылады. Ол өмірінің қиын кезеңін жеңе ала ма? Одан кейінгі тағдырының қандай болғанын білгіңіз келсе, картинаны тамашалаңыз. Бұл фильм актерлік құрамымен (Стив Карелл, Стив Бушеми, Оливия Уайлд, Джим Керри) ерекшеленеді. Алдау елесі, 2013 Бір адам төрт дарынды сиқыршыны бір топқа жинап, тапсырма береді. Олар бір бөлме ішінен өте күрделі сызба табады. Сиқыршылар өз дарындарын пайдаланып, сол сызбаның құпиясын ашуы керек. Бір жыл өткен соң кейіпкерлер "төрт салт атты" деп аталатын топқа бірігеді. Олар халыққа таңғаларлық иллюзиялар көрсетеді. 2016 жылы бұл фильмнің жалғасы шықты. Оның екінші бөлімі біріншісінен еш кем емес. Сондықтан оның екі бөлімін де қарауға кеңес береміз. Ай жарығының сиқыры, 2014 Фильмдегі жағдайлар өткен ғасырдың 20-жылдарында орын алады. Беделді британиялық отбасы Кэтледждер зиялы қауым демалуды ұнататын Көгілдір жағажайға (Лазурный берег) барады. Сол жақтан олар Софи есімді спиритуалист әйелді кездестіреді. Софи адамдарға тылсым күшке ие екендігін айтып, аруақтармен сөйлесетіндігіне сендіреді. Кэтледждер ол қызға тәнті болса, отбасының достары одан қауіп-қатер көреді. Қыздың өтірігін ашу үшін атақты сиқыршы Стэнли Кроуфордты шақыртады. Фильм комедиялық жанрда түсірілген. Басты рөлдерді Колин Ферт пен Эмма Стоун сомдайды. Қызықты мақалалар: Бармақтай бақ бұйырмаған Бетховен Тест: Ол қай елд

Massaget.kz
22 маусым 2019 ж. 896 0