Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Cannes – 2019: Болливуд жұлдыздары қандай киім үлгісін таңдаған?

Cannes – 2019: Болливуд жұлдыздары қандай киім үлгісін таңдаған?

Cannes â 2019: ÐолливÑд жұлдÑздаÑÑ Òандай киÑм үлгÑÑÑн ÑаңдаÒан?14-мамыр күні 72-ші Канн кинофестивалінің ашылуы болды. Содан бері Канн фестивалінің қызыл кілемінен атақты актерлер, актрисалар және модельдер көрінді. Соның ішінде, бірнеше атақты Болливуд актрисалары да бар. Ендеше, сұлу үнді актрисаларының қызыл кілемге таңдаған киім үлгілерін ұсынамыз. Приянка Чопра 16 мамыр күні Приянка Чопра Канн кинофестиваліне классикалық ұзын көйлек таңдады. Көйлек толықтай пайеткамен қапталған. Ол "Алтын" Голливуд стиліндегі бейнені ұқыпты бұрыммен және көзді қарындашпен сызу арқылы толықтырған. 18 мамыр күні рөлдердің бірін Моника Беллуччи ойнаған Клод Лелуштің "Өмірдің керемет жылдары" жаңа фильмінің тұсаукесері өтті. Қызыл кілемге алғашқылардың бірі болып атақты жұп Ник Джонас пен Приянка Чопра келді. Олар әлемді елең еткізіп бірнеше күнге созылған тойларына киінгендей тым мерекелік тандем жасаған. Себебі екеуі де тұтастай ақ болып киініп алған. Атақты үнді актрисасы тюльден тігілген шлейфі бар көлемді ақ көйлек таңдаған. Осы жолы Приянка киім үлгісін қымбат әшекейлермен толықтырды. Дипика Подуконе 16 мамырда конгресс сарайында автобиографиялық "Рокетмен" фильмінің тұсаукесері өтті. Франциядағы көрсетілімге арнайы Элтон Джонның өзі де қатысты. Бұл күні кеш қонағы ретінде үнділік сұлу Дипика Подуконе қызыл кілемге көзге түсерлік көйлекпен келді. Ол өте ұзын шлейфі және үлкен банты бар ақ-қара көйлек киді. Көйлектің классикалық түсіне қарамастан Дипика Подуконе қызыл кілемде өте ерекше көрінді. Үнділік актриса макияж бен шаш үлгісін грек стилінде жасатқан. 2019-жылғы Канн кинофестивалінің ең батыл әрі ерекше қонағының бірі тағы да Болливуд сұлуы Дипика Падуконе болды. 17 мамыр күні Педро Альмодовардің "Дерт мен атақ " картинасының тұсаукесері өткен болатын. Сол кешке үнді актрисасы лайм түстес ұсақталып бүрмеленген бұлт тәрізді көйлекпен келді. 33-жасар актриса басына нәзік алқызыл түсті өте әдемі тюрбан киген. Айшвария Рай 19 мамыр күні Канн кифестивалінің қызыл кілемінен хас сұлу Айшвария Рай көрінді. Атақты актриса кілемге қызы Аарадьеймен бірге шықты. Үнді жұлдызы үшметрлік ұзын етегі бар алтын түстес көйлекпен келді. Стилистер Айшвария Райдың шашына бұйра салып, артқа қарай лакпен қатырып қойған. Ал макияжда негізгі екпінді оның көзіне қойған. Айшвария Рай 20 мамыр күні Николь Бедостың "Керемет дәуір" жаңа фильмінің тұсаукесерінде де қонақ болды. Болливуд актрисасы және L’Oréal Paris уәкілі Айшвария Рай қызыл кілемге "аққу" секілді шықты. 45-жасар үнді жұлдызы бұл кешке мамықтары бар Ashi Studio көлемді көйлегін таңдаған. Шашын жоғары түйіп, макияжда көзге екпін жасаған.

Massaget.kz
19 маусым 2019 ж. 727 0