Алматы облысында «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойы атап өтілді
Алматы облысындағы журналистер қауымы төл мерекелерімен қатар «Жетісу» телеарнасының 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Басқосуда ойы ұшқыр, қаламы жүйрік тілшілер марапатталды. Оларға «Құрметті журналист», «Журналистика қайраткері» сынды төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етілді. Салтанатты жиында сала ардагерлері сөз алып, «Жетісу» арнасының ақпарат айдынындағы орнын атап өтті. 1999 негізі қаланған телеарна бүгінде 17 сағат эфир таратады. Тарихи және танымдық, ойын сауық бағытында 20дан аса жобаны өз көрермендеріне ұсынып отыр. Шығармашылық ұжымның бағындырған белестері де аз емес. «Дидар», «Нұр Сұңқар», «Алтын жұлдыз», 2018 жылы «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауында үздік өңірлік телеарна атанған болатын.
Бейсен Құранбек, «Жетісу» телеарнасының директоры:
- Біздің үлкен 4 студиясы бар, 8 мың шаршы метрлік ғимараты бар. Бізде жұмыс істейтін мамандардың саны 180 нен асады. Басқа арнамен салыстырғанда материалдық техникалық базамыз, адам саны жағынан болсын, кадрлық жағынан озып тұр. Көптеген марапат алды, бірақ ең үлкен марапат жетісу халқының жұртының солардың ризашылығы.
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/322106-almaty-oblysynda-zhetisu-telearnasyny-20-zhyldy-merejtojy-atap-tildi