Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстау облысында алдағы тәулікте аптап ыстық сақталады

Маңғыстау облысында алдағы тәулікте аптап ыстық сақталады

ÐаңÒÑÑÑÐ°Ñ Ð¾Ð±Ð»ÑÑÑнда алдаÒÑ ÑÓÑлÑкÑе апÑап ÑÑÑÑÒ ÑаÒÑаладÑ
Маңғыстау облысында жаздың аптап мезгілі басталды. Әсіресе Қарақия, Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында сынап бағаны күндіз +40 градусты көрсетуде. Синоптиктер өңірге көрші Иран аумағынан көтерілген биік антициклон әсерінен қатты ыстықтың алдағы тәулікте сақталатынын айтып отыр. Әзірге белгілісі, басынан күн өтіп дәрігерге қаралған адам емханаларда тіркелмеген. Елді мекендерде электр желілері ақаусыз жұмыс істеп тұр. Бүгін аймақтың солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ауа температурасының 39 градустан жоғары болатыны жөнінде өңір халқына SMS-хабарлама жіберілді. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға алыс сапарға шықпауға және өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес береді.
Анаргүл Құрманғабылова, «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының инженер-синоптигі:
- Облысымыздың басым бөлігінде қатты ыстық сақталуда. Алдағы тәулікте де бұл ыстық сақталады. Жоғары қысым аймағында болғандықтан ауа райы жаз мезгіліне тән ашық, жауын-шашынсыз. 14 маусымда жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы 18-23, кей жерлерде 26, күндіз 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/321785-ma-ystau-oblysynda-alda-y-t-ulikte-aptap-ysty-sa-talady
13 маусым 2019 ж. 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930