Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Forbes табысы жоғары спортшылардың тізімін жариялады

Forbes табысы жоғары спортшылардың тізімін жариялады


Алматы, BAQ.KZ. Америкалық Forbes журналы жылдағыдай әлемдегі табысы жоғары 100 спортшының тізімін жариялады. Рейтингте бірінші рет алғашқы үштікті футболшылар иеленіп отыр. 

Отандасымыз боксшы Геннадий Головкин де осы тізімнен көріне білді. Бір жылда 25,5 млн доллар табыс тапқан ол 95-ші орында.
Биылғы рейтингті «Барселонаның» футболшысы аргентиналық Лионель Месси бастап тұр. Қазіргі заманның ең мықты атлеті бір жылда 127 млн доллар табыс тапқан. Екінші орында аргентиналықтың бәсекелесі әрі танымал футболшы Криштиану Роналду тұр. Оның табысы 109 млн доллар. 
Үшінші орынға 105 млн доллар табыс тапқан Неймар жайғасқан.
Одан әрі 94 млн доллар табыспен мексикалық боксшы Сауль Альварес, 93,4 млн доллармен швейцариялық теннисші Роджер Федерер және 89,5 млн табыс тапқан америкалық футболшы Расселл Уилсон бар.
Франциялық футболшы Киллиан Мбаппе тізімдегі ең жас спортшы атанған. Оның бір жылдық табысы 30,6 млн доллар. Ал америкалық гольф ойыншысы Фил Микельсон рейтингтегі ең ересек атлет деп танылған.
12 маусым 2019 ж. 1 081 0

Қоғам

10  жылда  1000  газет
30 наурыз 2026 ж. 36

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031