Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

11 маусымға арналған ауа райы болжамы


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағаймен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде дауыл, желдің 15-23 м/с күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз кей жерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде және таңертең Қарағанды облысының  кей жерінде тұман түседі.
Түнде Павлодар облысының кей жерінде тұман болады.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды Түркістан облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.  


11 маусым 2019 ж. 882 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930