Мектеп бітіруші қызбен вальс билеген Нұрболат Абдуллин желіні шулатты
Желі қолданушылары видеодағы оқушы қыздың орнында болуды армандап, жарыса пікір білдірген.
"Өте керемет", "Мына қызда арман жоқ шығар", "Соңғы қоңырауда мына әніңіз жараса кетіпті", "Менің де Нұрболатпен вальс билегім келеді", "Мектепті ақ бантик, ақ фартукпен осылай қоштасу керек" ,- деп жазды желідегілер.Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Нұрболат Абдуллинге жұбайы екінші рет қыз сыйлады. Әнші сәбиге Табиғат деп есім беріп, мамыр айында нәрестені қырқынан шығарды.