Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Таразда «Ұлы дала хикаялары» көрмесі ашылды

Таразда «Ұлы дала хикаялары» көрмесі ашылды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда «Ұлы Дала хикаялары» атты Қазақстанның заманауи өнер көрмесі ашылды, деп хабарлады "ZhambylNews". 


ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында атап көрсеткендей, ұлттық құндылықтар мен рухани байлық бірегейлігіміздің негізіне айналуы тиіс. 
Бұған дейін көптеген шет елдерде көрсетілген Қазақстанның заманауи өнер көрмесі енді өзінің шығармаларын өңір тұрғындарына паш етті. 
"Солардың бірі –Тараз төрінде ашылған  көрме. Суретшілердің шығармаларында көшпенділердің құндылықтары мен дала мәдениетін қанық бояумен суреттеу үшін осы саладағы бүкіл әлемнің ең озық, ең шеберлік үрдістерін қолдануға барлық мүмкіндік жасалынған. Мұнда Алмагүл Меңлібекова, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нүрекеев, Асхат Ахмедьяров сынды 10-нан астам әйгілі суретшілердің туындылары қойылды", - делінген таратылған ақпартта.
Көрменің халықаралық жетекшісі Лиза Ахмади "Әлемнің 20-дан астам елдерінде үлкен баға алған туындылар ұлттық болмысымызды айшықтап, өнер, мәдениет, табиғат тамашалары сынды құндылықтарды суреттейтіндігін" айтты.
06 маусым 2019 ж. 912 0