Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең барлық мешітте айт намазы оқылады

Ертең барлық мешітте айт намазы оқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең 5 маусымда еліміздегі барлық мешітте ораза айт намазы оқылады. ҚМДБ осыған орай әр өңірдегі айт намазының уақыттарын белгіледі. 

  Қала және облыс орталығы,     Айт намазы оқылатын уақыт,     Күн шығатын уақыт
1Нұр-Сұлтан қаласы07:0004:57
2Алматы қаласы06:0005:11
3Шымкент қаласы07:0005:43
4Маңғыстау облысы07:0005:52
5Түркістан облысы07:0005:45
6Атырау облысы07:0005:36
7Жамбыл облысы06:3005:34
8БҚО06:3005:17
9Қостанай облысы07:3005:17
10Алматы өңірі06:3005:12
11Ақтөбе облысы07:0004:58
12Талдықорған аймағы06:3004:58
13Қарағанды облысы06:3004:57
14Ақмола облысы07:0004:54
15Қызылорда облысы06:0004:50
16СҚО07:0004:45
17Павлодар облысы07:0004:29
18Семей өңірі07:0004:26
19ШҚО07:0004:18
  Нені ескеру керек?
Пітір садақасы рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.
Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.
Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады.
Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7... құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті болып табылады.
Егер кімде кім сәресі ішкен болса немесе айт намазы алдында тамақтанған болса бұл нәрсеге де тиым салынбаған.
Рамазан айында белгілі себептермен қаза болған күндер болса, ораза айт мерекесінен кейін қазасын өтеу керек. Ораза айт кезінде ораза ұстауға болмайды.
04 маусым 2019 ж. 1 133 0