Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Адам етін жеу көбейген": Зұлмат жылдарды еске алған журналист көпті жылатты

"Адам етін жеу көбейген": Зұлмат жылдарды еске алған журналист көпті жылатты

Белгілі отандық журналист Нұрбек Бекбау бала күндері ашаршылық жылдарымен тұспа-тұс келген туған атасының бастан өткен оқиғасын желідегі парақшасына жариялап, жұртты жылатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көрнекі фото: arhar.kz
Рассказать ВконтактеРассказать в FacebookРасказать в Twitter

Бүгін - Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай көптеген қоғам белсенділері мен танымал тұлғалар желіде зұлмат жылдар жайлы түрлі жазбалар қалдырып жатыр.
Белгілі журналист Нұрбек Бекбау да нәубет заманда аман қалған туған атасының бастан өткізген оқиғасын желідегі парақшасына жариялады. Онда ол:
"Атам екі ағайынды болыпты. Рақымбай сосын Рақым... Інісінің толық есімі есінде жоқ. Өзі 7 жасқа, бауыры 5-ке толған жылы, бәлшебектер - әкесінің бүкіл малын тартып ап, өзін атып тастаған. Ауылдағы ағайын, бәлесінен аулақ деп, қос жетімді асыраудан қорыққан.
Сол оқиғадан көп өтпей, алыс-жақын ауылдардың баршасын алапат ашаршылық жайлапты. Жаман болыпты! Адам жеу көбейіп кетіпті. Ұйықтап жатқан кісі болса, бауыздап, бүйрегін, сан етін жеп кетеді екен.
7 жасар атам інісі екеуі, үй ішінде ұйықтаудан қорқып, сабан шатырға шығып, сонда көз шырымын алып жүріпті: "Сатымен шығамыз, сосын сатыны көтеріп аламыз да, сол пішеннің ішіне кіріп, тығылып жатамыз.Түн ортасында күбірлеген дауыстарды естиміз. Шөп ішіне тығыла түсеміз",-дейді. Бір күні, сатыны көтеруді ұмытып кетіпті...
Әлгі күбірлектер тағы да келген. Сатымен көтерілген. "Сосын шөпті айырмен шұқылай бастады. Үшкір темір, гірш етіп көзімнің астына қадалды. Үн шығармадым.
Ақырын істікті саусағыммен ұстап тұрдым. Темірді қайта суырып алғанда, қанымды сүртіп үлгердім. Байқамады. Сосын тағы да шөпті піскілеп жатты. Бір уақытта, інім баж ете қалды. Жанды жеріне кіріп кетсе керек.Анау бәлелер пішен арасын апұл-ғұпыл аршыды да, бес жасар бауырымды жұлқып көтеріп, тау жаққа қарай жүгірді. Артынан шұбыра жүгіргендердің тарсылын естіп жаттым".
7 жасымда, атамның алдында отырып, неге оң көзі жасаурай беретінін сұрағанымда, осылай деп еді.
Өзін ақтайды, сосын өз-өзінен жерініп, кінәлайды. Ақтайтыны - "7 жасар баламын ғой, не істей алар ем",-дейді. Кіналайтыны - "сатыны көтеруді ұмытып кеттім", - деп өкінеді. Ашаршылық әркімнің үйін осылай істікпен шұқылады ғой", - деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары жантебірентер жазба жайлы "Тағдыр", "Нәубет жылдар артта қалсын", "Қиын жылдар" деген пікірлерін қалдырып, көздеріне жас алғандарын жасырмаған. Ал кейбірі "Қазіргі күнге шүкір дейік", "Еліміз аман болсын" деген оң пікірлерін жаудырған.
31 мамыр 2019 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (8733)

22 қазан 2019 ж.

№81 (8732)

18 қазан 2019 ж.

№80 (8731)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам