Құймақ қамырын дайындаудың 3 әдісі
Құймақты әр асүй ханшайымы әртүрлі дайындайды. Әркім өзінің дәмді әрі хош иісті құймақтарының құпиясын сақтайды. Ал біз сіздерге жылдам және оңай құймақ пісірудің 3 әмбебап рецептісін ұсынамыз. Бұрын құймақты майлы сүтпен немесе майлы қаймақпен оған кейде, қарақұмық ұнын қосып, қалың етіп пісіретін болған. Қалың құймақтарды десерт ретінде емес негізгі тамақ ретінде берген. Ал қазір "сәнге" құймақтың жұқа, "нәзік", селдір түрлері келді. Сонымен қатар, қазір құймақты жиі десертке ұсынады. Оған тәтті тосап, қойылтылған сүт, бал немесе қаймақ жағады. Сүтпен құймақ пісіру Бұл құймаққа қарапайым қамыр дайындаудың кең тараған түрі болып саналады. Оған дүкен сүтін немесе үйдің майлы сүтін қолдануға болады. Қажетті ингредиенттер: - 500 мл сүт; - 2 жұмыртқа; - 200 г ұн; - 2 ас қасық сұйық май; - 1 ас қасық қант; - 1 шым шым тұз. Дайындау жолы: Сүт пен жұмыртқаны тоңазытқыштан алдын ала шығарып қойыңыз. Олар бөлме температурасында болуы керек. Ыдысқа жұмыртқаны қантпен және тұзбен араластырыңыз. Құймақты десертке дайындамасаңыз да оған қант салған жөн. Содан соң сүтті қосып, барлығын жақсылап араластырыңыз. Қамыр түйіршіксіз біртекті және нәзік болу үшін ұнды електен өткізіп салыңыз. Ұнды бірден емес, аз-аздан салып араластырған дұрыс. Соңынан сұйық май құйып, тағы бір рет араластырыңыз. Айранмен құймақ пісіру Бұл әдіспен құймақ дайындауға дәмі қышқылданып кеткен айранды да қолдана беруге болады. Қажетті ингредиенттер: - 500 мл айран (3%); - 2 жұмыртқа; - 200 г ұн; - қант; - тұз; - 0,5 шай қасық ас содасы; - 4 ас қасық сұйық май. Дайындау жолы: Ыдысқа жұмыртқаны араластырып алып, оған айранды құйыңыз. Оны бұқтырылған отқа 60 градусқа дейін қыздырып алыңыз. Содан соң ыдысты оттан алып, оған қант пен тұзды салып, барлығын араластырыңыз. Кесеге 1 ас қасық қайнаған суға 0,5 қасық ас содасын езіп алыңыз. Оны қамыр дайындап жатқан ыдысқа құйыңыз. Соңынан сұйық майды құйып, қамырды жылы жерге 1 сағатқа қалдырыңыз. Сумен құймақ пісіру Бұл құймақ пісірудің диетологтарға ұнайтын әдісі. Оның басқаларға қарағанда калориясы аздау, жеміс-жидектермен жақсы үйлесім табады. Қажетті ингредиенттер: - 500 мл су; - 320 г ұн; - 2 жұмыртқа; - 2 ас қасық сұйық май; - 1 ас қасық қант; - 1 шым шым тұз. Дайындау жолы: Ыдысқа жұмыртқа, қант және тұзды салып, жақсылап араластырыңыз. Оған су құйыңыз. Оған аз-аздан електен өткізген ұнды салып, біртекті болғанша араласытырыңыз. Соңынан сұйық май құйыңыз. Диеталық құймақ қамыры дайын!
Massaget.kz
Massaget.kz