Ашуды басқарудың 15 әдісі
Ашу – қалыпты сезім. Егер ашу агрессияға, эмоциялық ызаға немесе физикалық күш жұмсауға әкелсе, ол проблемаға айналады. Ашуды басқару сол сәтте айтқан сөзіңіз немесе жасаған ісіңіз үшін өкінуге жол бермейді. Жағдайыңыз нашарлағанға дейін түрлі техникаларды қолданып көріңіз. 1. Санау Егер ашулансаңыз, 10-ға немесе 100-ге дейін санаңыз. Есептеуге кеткен уақыт ішінде жүрек соғысыңыз баяулап, ашуыңыз азая түседі. 2. Терең тыныс алу Сіз ашуланған кезде тыныс алу үстіртін бола түсіп, жиіленеді. Мұрынмен баяу терең тыныс алып, ауызбен шығарыңыз. 3. Жаяу жүріп қайту Физикалық жүктеме жүйкені тыныштандырып, ашуды азайтуға көмектеседі. Жаяу жүріп қайтыңыз немесе велосипед тебіңіз. Аяқ-қолдың қозғалуына әкелетін барлық нәрсе ақыл-ойға және денеге пайдасын тигізеді. 4. Бұлшықеттерді босаңсыту Бұлшықеттерді үдемелі босаңсыту бүкіл денені тырыстыруды қажет етеді. Түрлі бұлшықеттер тобын бір-бірден баяу босатыңыз. Жай тыныс алыңыз. 5. Созылу Басыңызды және иығыңызды айналдыра қозғаңыз. Ол денені бақылап, сезімдеріңізді басқаруға көмектеседі. 6. Алаңдау Тыныш жер тауып, көзіңізді жұмыңыз. Өзіңізді табиғатта немесе су жағасында отқандай елестетіңіз. Әр бөлшекке мән беріңіз. Тау қаншалықты биік? Судың түсі қандай? Бұл тәжірибе тынышталуыңызға көмектеседі. 7. Ән тыңдау Тыныш жерге барып немесе далада құлаққап киіп алып, ән тыңдаңыз. 8. Сөйлемеу Ашу үстінде түрлі нәрсе айтып тастауыңыз мүмкін. Сондықтан өзіңізге де, басқаға да зияны тиеді. Ойыңызды жинақтап алғанша сөйлемеңіз. Ашу үстінде сөйлемеуді әдетке айналдырыңыз. 9. Үзіліс жасау Басқа адамдардан бөлек отырыңыз. Сол кезде болған жағдайды ой елеңінен өткізе аласыз. 10. Әрекет ету Зиян энергияңызды қолданыңыз. Ашу үстіндегі энергияңыз пайдалы әрі өнімді нәрсеге кетсін. 11. Күнделік жазу Дыбыстап айта алмайтын нәрсеңізді жаза алуыңыз мүмкін. Сол сәтте не сезінгеніңізді және ол жағдайға қалай әсер бергіңіз келгенін жазыңыз. 12. Жылдам шешімін табу Мысалы, балаңыз досына қонаққа кетерде бөлмесін жинамай кеткеніне ашулануыңыз мүмкін. Балалар бөлмесінің есігін жауып қойыңыз. Себебі оны көрген сайын ашуға келесіз. Сол секілді кез келген проблеманың ұқсас шешімін табыңыз. 13. Досыңызбен сөйлесу Ашуыңызды іште сақтамаңыз. Жақсы досыңызбен сөйлесіңіз, кеңес сұраңыз. 14. Күлу Нашар көңіл күйге күлкі кедергі бола алады. Күлудің әдістерін іздеңіз: балалармен ойнаңыз, күлкілі ролик қараңыз. 15. Ашуыңызды айту Егер жағдайды бақылай алсаңыз, не сезініп тұрғаныңызды айтыңыз. Ыза болу мәселені шешпейді, бірақ сабырлы диалог ашуды әлсіздендіреді.
Massaget.kz
Massaget.kz