Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер де соғыста сарбаз болған

Әйелдер де соғыста сарбаз болған



Тарихтың сырға толы жұмбақ беттерін парақтасақ, өнегелі ғұмыр кешіп, ақыл мен білек күшін ұштастыра артынан өзіндік қолтаңбасын қалдырған әйел заты аз емес. Тарихта өзіндік орны бар, бізге сақ патшайымы ретінде таныс өр кеуделі әйелдердің бірі – Томирис. бес жасында атқа отырып, алты жасында семсер ұстаған Тұмар ханшайымының әлі күнге қаншама қазақ қыздарына есімі берілуі бекер емес. Тарихтың атасы Геродот, Томирис бастап, сақ әйелдері қостаған шайқастарды «Ұлы шайқас» деп бағалаған. Біздің жылсанауымызға дейінгі VI ғасырдың орта тұсында парсы патшасы Кир ел мен жерді басып алу арқылы бағындыру мақсатында жорыққа шығып, жорық кезінде Томиристің баласын өлтіріп, Патшайымға сақтар елін басқару мақсатымен тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Бұндай арам пиғылына ашынған Тұмар ханша шайқасып, ұрыста жеңіске жетеді. Дәл осы ұрыс Томирис есімінің тарихқа жазылуына ықпал етті.
Халқының еркіндігі үшін махаббатынан бас тартқан тағы бір сақ ханшайымы Зарина б.э.д. 558-518 өмір сүрген. Зарина бір күні аң аулауға шыққанда алдынан жау әскерлері кезігіп қалады. Қоршауға алған жерінен ептілігімен есебін тауып аман шыққан Заринаның артынан Мидия ханзадасы қуып жетіп алады. Жараланған қызды алғашқыда ер адам екен деп ойлаған ханзада оның әйел екенін білгенде ержүректілігіне бірден ғашық болады. Заринаны көру үшін сақтар еліне қайта-қайта барып жүргенде күйеуі Мөрмөр ұстап алып, өлтірмекші болады. Оны өлтірсе екі елдің арасында алауыздық тууынан қорыққан Зарина Мөрмөрді райынан қайтаруға тырысады. Оған көнбеген соң араша болуға адамын жұмсаған, оған да қарсы шыққан Мөрмөр абайсызда жараланып, көп уақыт өтпей о дүниелік болады. Ханзада Заринаға тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. Араға бір жыл салып Зарина елін басқа патша басқарса еркіндігінен айырыла ма деген қауіппен ұсынысын қабыл етпейді.
Атақты қолбасшы Шыңғыс ханның да әйелі Бөртенің қазақтан шығуы тегін болмаса керек. Ол Шыңғыс ханның көп әйелдерінің бірі емес, ақылына құлақ түретін өзіндік орны бар ақылшы, кеңесші бәйбішесі бола білген. Бала Теміршыңды 9 жасар кезінде әкесі қоңыраттар тайпасына ертіп апарып қоңырат көсемі Дай-Шешеннің қызы Бөртеге айттырып, екеуін атастырып қояды. Кейін Есугей батыр қайтыс болып, Темучин көптеген кедергілерге тап болғанына қарамастан Бөртеге қосылады. Бөртенің ақылы мен тапқырлығының арқасы болса керек, қай істе болмасын қоңырат тайпасының қызы әлемді басқаруды көздеген атақты Шыңғыстың сүйікті бәйбішесі бола біледі. Тіпті ол туралы жазылған Сәуірбек Бақбергеновтің «Бөрте – Шыңғысханның жұбайы» деген кітабы да бар. Бөртеден Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле ұлдары тараған. Қазақ хандығының құрылу тарихынан білетініміздей Керей мен Жәнібек Шыңғыстың Бөртеден туған ұлдарының ұрпағы.
Қарақыпшақтан шыққан батыр Қобыландының Құртқасы, Алпамыстың Гүлбаршыны көп жылдарды қамтыған жаугершілік уақыттарда қазақ әйелдерінің ерлерге әрдайым арқасүйер қолдаушысы бола білгенінің көрінісі. Тізе берсек жалғаса беретін батыр әйелдердің арғы анасы сақтар екендігінің дәлеліндей.
Берідегі соғыс жылдарында тылда еңбек еткен аналарымыздың көрген қиындықтарға төзімділік танытып, балаларының жарқын өмірі үшін сабырлық таныта білуі де үлкен ерлік. Олар комбайнер де, токарь, слесарь, тракторист те болды.
Ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігін тек қазақтар емес, бүкіл КСРО халқы жақсы біледі. Ұрыс кезінде ұшақтан 14 рет құласа да, өмірін өлімге қиюдан жасқанбаған Хиуаз Мәншүк Мәметовамен Астраханда бір көшеде тұрған. Қанша рет ауыр жарақат алса да, Алла өнегелі өмір бұйыртқан қазақтың қайсар қызы 86 жасқа дейін ғұмыр кешеді. Қазірде Атырау қаласында «Хиуаз Доспанова» атында мұз айдыны бар.
«Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз»,- дейтін Мәншүк пен сарбаздарды емдеуде барын салған Әлия апаларымызды мектеп кезден жақсы танимыз. sarbaz.kz мәліметтеріне сүйенсек, Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО көлемі бойынша 1млн., кейбір мәліметтер бойынша 600 мыңнан астам әйел қатысып, олардың 80 мыңы офицер болған. Қазақстаннан майданға 5183 әйел барған.

Назерке
МҰХАМЕДИЯРОВА.
09 мамыр 2019 ж. 1 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930