Рамазан айының 10 артықшылығы
Қасиетті Рамазан айының адамзатқа берер сауабы мен пайдасы аса мол. Бұл уақытта мұсылмандар отыз күн ораза ұстап, Алладан қалағанын сұрайды. Алайда, Рамазан айының өзге айлардан ерекшелігі оразамен ғана шектелмейді. Қасиетті айдың көпшілік біле бермейтін 10 артықшылығын оқырман назарына muslim.kz сайты ұсынады.
1. Рамазан айының әуелгі түнінің артықшылығы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл туралы:
Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бір сөзінде:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады:
Ибн Аббас (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.ғ.с):
Алла Тағала Құранда айтады:
Алла Тағала бұл кешке толық бір сүрені арнаған. Онда:
Бұл айда мұсылман қауымы бір ай бойы Пайғамбар ( с.ғ.с) сүннетін жандандырып, тарауық намазын оқиды. Ол намазды мешітте жамағатпен оқып, бір-бірімен бауырластығын арттырып, мешітті намазбен тірілтеді.
9. Иғтикаф. Рамазан айының соңында иғтикаф жасау – сүннет амал.
Айша анамыз (р.а) :
10. Рамазан – жомарттық пен Құран оқу айы.
Ибн Аббас (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Рамазандағы халін сипаттап:
Қасиетті айда айда Алла Тағала жомарттық жасап, құлдарына мейірімін төгеді. Көпшілікке кешірім жасап, тозақтан шығарады. Әсіресе, қадір түнінде көп нәрсе кешіріледі.
1. Рамазан айының әуелгі түнінің артықшылығы.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл туралы:
"Рамазан айының әуелгі түні келісімен жындардың бұзақылары мен шайтандар кісенделеді. Тозақ есіктері жабылып, оның ешбірі ашылмайды. Жәннат есіктері ашылып, оның ешбірі жабылмайды. Әр түні шақырушы (періште): "Әй, жақсылық іздеуші, қабыл ал! Әй, жамандық көздеуші, пейіліңнен қайт!" – дейді. Онда Алланың тозақтан босататындары болады. Әрі бұл (Рамазан бойы) әр түнде орын алады" , - дейді.2. Рамазан айында жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады.
Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
"Бұл келген Рамазан айы, онда жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді" , – деген.3. Рамазанның оразасы – шайтанды кісендейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бір сөзінде:
"Егер Рамазан айы келсе, жәннат есіктері ашылып, жәһаннам есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді" , – дейді.Бұл хадисті ашықтаған имам Нәуауи (р.а) кітабында Қазы Иядтың (р.а) мына сөзін келтірді:
"Бұл хадистың мағынасын (оразаның әсерінен) мол сауап пен көп кешірім болатыны себепті шайтандар адамдарға азғырулары мен зияндарын келтіре алмайтындығы деп түсінуге де болады. Себебі, бұл уақытта шарасыз қалған шайтандар кісенделгендей күй кешеді. Олар адамдардың бірін азғырса, бірін азғыра алмайды алмайды, әрі бір нәрседе зиян тигізсе, бірінде тигізе алмайды".4. Рамазан айының оразасы күнәларды жуып-шаяды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады:
"Күнделікті орындалған бес уақыт намаз, әрбір жұма намазына қатысу, Рамазан сайын ұсталған ораза, осы аралықта, үлкен күнәдан басқа жасалған кіші күнәлардың бәрінің кешірілуіне себеп болады".Имам Мунауи бұл хадискті ашықтай келе:
"Бес уақыт намаз, жұма намаз, Рамазан барша күнәларды жуып-шаяды. Тек үлкен күнәларды кетіре алмайды, себебі олардың жағдайы басқа" , – дейді.5. Рамазанда жасалған кіші қажылықтың сауабы еселене түспек.
Ибн Аббас (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбар (с.ғ.с):
"Рамазанда жасалған кіші қажылық үлкен қажылыққа тең келеді" , – деген. Ғалымдар мұндағы "тең келуді" сауабы тұрғысынан деп ашықтаған.6. Бұл айда Құран түскен.
Алла Тағала Құранда айтады:
"Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар".Имам Ибн Кәсир бұл аятты тәпсірлеп:
"Алла Тағала бұл аятта Рамазан айын мақтап тұр. Себебі барлық айлардың ішінен Құранды түсіру үшін ораза айын таңдаған. Сонымен қатар, барша иләһи кітаптар Рамазан айында түскені туралы деректер де келтірілген" , – деген. Осы үшін де мұсылман жұртшылығы Құран айында көп Құран оқуды әдетке айналдырған. Рамазан – Құран айы.7. Бұл айда қасиетті Қадір түні бар.
Алла Тағала бұл кешке толық бір сүрені арнаған. Онда:
"Қадір түні мың айдан артық" , – деген.Имам Қуртуби осы аятты тәпсірлеп:
"Артықшылығымен, ұлықтығымен артық. Бұл түнде көптеген артықшылықтар бар. Бұл түнге мың жылға шаққанда топталмайтын жақсылық үлестірілген" , – деген.8. Бұл айда тарауық намазы оқылады.
Бұл айда мұсылман қауымы бір ай бойы Пайғамбар ( с.ғ.с) сүннетін жандандырып, тарауық намазын оқиды. Ол намазды мешітте жамағатпен оқып, бір-бірімен бауырластығын арттырып, мешітті намазбен тірілтеді.
9. Иғтикаф. Рамазан айының соңында иғтикаф жасау – сүннет амал.
Айша анамыз (р.а) :
"Пайғамбар (с.ғ.с) қайтыс болғанға дейін Рамазанның соңғы он күнінде иғтикаф жасайтын. Кейіннен жұбайлары иғтикаф жасады" , – деген.Имам Абу Дәуід иғтикафтың хикметін "асқазан мен жүректі артық нәрселерден босатып, жекеше қалып Аллаға қарай беттеу" деп түсіндірген екен.
10. Рамазан – жомарттық пен Құран оқу айы.
Ибн Аббас (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Рамазандағы халін сипаттап:
"Алла елшісі (с.ғ.с) адамдар арасында ең жомарт жан болатын. Рамазан айы туып, Жәбірейіл (ғ.с.) періштемен жиі жолыққанда, одан өткен мәрт адам болмайтын. Жәбірейіл періште Рамазан айының мүбәрак әр түнінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп, екеуі бірге Құран оқитын. Алла елшісі (с.ғ.с) Жәбірейіл (ғ.с.) періштемен жолыққан кездерінде жер бетіне береке әкелетін желден де жомарт болып кететін еді" , – деген.Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауаптары еселене түседі.
Имам Тирмизидің хадис жинағында: "Ең жақсы садақа – Рамазанда жасалған садақа", – деген хадис келтірілген.Оған қоса, ораза ұстаған, намаз оқитын немесе зікір жасаушы адам бұл уақытта көмекке барынша асығу керек. Өйткені, игілік үшін жасалған әрбір жәрдем сол игіліктің өзіндей бағалана түседі.
Қасиетті айда айда Алла Тағала жомарттық жасап, құлдарына мейірімін төгеді. Көпшілікке кешірім жасап, тозақтан шығарады. Әсіресе, қадір түнінде көп нәрсе кешіріледі.