Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктердің 4 мамыр күнгі ауа райы болжамы

Синоптиктердің 4 мамыр күнгі ауа райы болжамы


Kyzylorda-news.kz. 4 мамыр күні Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбырлар сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, екпінді жел, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с артады. Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Атырау облысында түнде желдің жылдамдығы 23 м/с-қа, күндіз 15-20 м/с күшейетіні күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, түнде жел 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, күндіз Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады.
04 мамыр 2019 ж. 1 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (9307)

02 маусым 2025 ж.

№39 (9306)

28 мамыр 2025 ж.

№38 (9305)

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30