Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЖЫЛАР САЯХАТЫ

ҚАЖЫЛАР САЯХАТЫ


Мекке – иісі мұсылман халықтар үшін арман қала. Пайғамдардың басқан жерін басу, сәжде еткен жерге бас қою, зәмзәм судың дәмін тату, қағбаны тауап етіп, қажылығын өтеу кез келген жанға бұйыра бермейтін бақыт. Бірақ, тәуелсіздік алып, дініміз бен діліміз қайта оралған соң, қажылыққа барушылар саны арта бастады. Мұнымен қоса, қажылыққа ниет еткендер үшін түрлі туристік фирмалар ашылып, жолаушылардың жүгін жеңілдетті. Осылардың арқасында қажылар саны ауданда да артып келеді.

Ы.Жақаев мешіті. Таң намазынан соң ауыл мешітіне келушілер саны артып келеді. Арнайы дастарқан жайылған. Далада самаурынның қызарған шоғы көрінеді. Келушілер саны жиырмадан асып, отызға жуықтады. Қолдарына түйген жүктері алыстан-ақ көзге ілігеді. Сапарға дайындалғандықтары көрініп тұр.
Жиналып жатқан аудан қажылары. Жылдағы дәстүр бойынша Түркістан, Арыстан баб бабаларының басына зиярат етпекші. Жұрт түгелделіп болғаннан соң, Ыбырай атаның басына барып, құран бағыштады. «Бисмилләсін» айтып, көлікке жайғасып, бағытты шығысқа бұрды.
Түс ауасы таяған тұста Түркістан қаласындағы Қ.Ясауи кесенесіне де келіп жетті. Тарихы терең ғимаратпен танысып, мұражайларға да бас сұқты. Ал, бесін намазынан соң, Түркістан асып, Арыстан баб әулиенің жатқан жеріне қарай бағытын бұрды.
Мұнда Арыстан баб әулие жайында айтылатын аңыз әңгімелерді тыңдап, баба басына барып, дұға жасады. Осы жерде аудан қажыларының жиынын өткізіп, төрағаларын сайлады. Сондай-ақ, жылына бір мәрте бас қосып, зиярат етіп тұрамыз деп уағдаласты. Киелі жерде түнеп, таң атқан соң ауылға бет алды.

Е.ДАТҚА.
23 сәуір 2019 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930