Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІКПЕН САЯХАТТАУҒА БОЛАТЫН БІРЕГЕЙ ЖЕРЛЕР

ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІКПЕН САЯХАТТАУҒА БОЛАТЫН БІРЕГЕЙ ЖЕРЛЕР


Түркістан

Мұнда Арыстанбаб кесенесін, Отырар қалашығын, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Күлтөбе қалашығын, Гауһар ана кесенесін, Хильвет жер асты мешітін көруге болады. Шымкенттен солтүстік батысқа қарай 160 км жерде орналасқан.

Баянауыл ұлттық паркі


 
Бұл Қазақстандағы ең әдемі жерлердің бірі. Мұнда тауде серуендеп, тауға өрмелеп, суда жүзуге болады. Екібастұз қаласынан паркке дейін 100 км. Жасыбай көлі бар.
 
Зерендідегі сарқырама
 
Астанадан 300-330 км жерде сарқыраманы көруге болады. Оған мамыр немесе маусым айында барған дұрыс. Осы кезде ол суға толып тұрады.
 
Ақмешіт үңгірі
 
Киелі Ақмешіт үңгірі Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында орналасқан. Шымкент қаласынан 90 км жерде.

Сандықтау



Ақмола облысының Сандықтау ауданында орналасқан. Табиғаты Бурабайға ұқсайды. Сандықтау тауының биіктігі теңіз деңгейінен 784 метр. Таза бұлағы бар.

Қатон-Қарағай ұлттық паркі


 
Бұл Қазақстандағы ең үлкен ұлттық парк. Оның ауданы жарты миллион гектардан асады. Оңтүстік Алтайда орналасқан ол бір жағында Ресеймен, бір жағында Қытаймен шектеседі. Паркте Қызыл кітапқа енген 30 түрлі аң-құс мекендейді. 2014 жылы парк ЮНЕСКО-ның ерекге қорғалатын объектілерінің тізіміне енген.

Дереккөз:  Reactor.
19 сәуір 2019 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930