Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел өміріндегі аса елеулі кезең

Ел өміріндегі аса елеулі кезең

        ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐÑÑжан ÐаÒÑÑбайұлѠ     Қазір қоғамда әртүрлі әңгімелер тарап жатыр. Бізге ол әңгіменің қажеті жоқ. Биліктің транзиті тыныш, бейбіт жолмен берілуі халыққа да, мемлекетімізге де тиімді. Темірді қызған кезде соғу керек.
         Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 9 маусымда президент сайлауы өтетінін хабарлап, ол сайлауды ашық, таза өткізу өзінің берік ұстанымы екенін тағы да барша халық алдында айтып, демократия, өркениет, рухани жаңғыру,  жаңару жолында өте маңызды асудан асуға шешінгенімізді көрсете білді. 
         Біз баяғыдай түкпірде жатқан ел емеспіз. Себебі бізде қазір бұрынғыдай күтетін уақыт жоқ, әлем өзгеріп жатыр. Соған сәйкес дамуымыз керек. Біздер өркениетті елдердің ішінде өз жоғары орнымыз бар елміз. Жоғарыда айтқандарым соның анық дәлелі.
         Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан ашық, таза сайлау тек қана оның берік ұстанымы болмай, еліміздегі сайлауға қатысатын әрбір азаматтың да берік ұстаны­мы болуы керек. Барлық халық осын­дай ізгі іске жұмыла кірісуі­міз керек. 
Біржан Бақтыбайұлы
Шиелі аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры
17 сәуір 2019 ж. 630 0