Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қорықтық құю» ырымы шариғатта бар ма?

«Қорықтық құю» ырымы шариғатта бар ма?


Қорықтық құю - қазақтың көнеден келе жатқан емдік ғұрыпы. Ертеректе, өз-өзінен шошынып, үрейленетін жас баланың ауруын қорықтық құю арқылы аластайтын болған. Ол үшін су құйылған кесені шошынған баланың басынан жоғары ұстап, оған алдын-ала ерітіліп дайындаған қорғасынды құяды. Быжылдап шыққан дыбыстан шошынған бала осы кезде селк етіп, денесі тітіркенеді. Осылайша оның бойындағы ауру, жабысқан зиян осы тітіркенумен бірге сыртқа шығады екен. Бұнымен қатар, баланың неден шошынғанын қорғасынға түскен бейнеден көруге болады-мыс. Мысалы, қорғасыннан иттен шошынса иттің, мысықтан шошынса мысықтың бейнесі көрінеді дейді. Бұл ырым кей өңірлерде әлі күнге шейін сақталған болуы мүмкін. 
Аталмыш ырымның шариғатта негізі жоқ. Ал, қорқып, шошынған адамға Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп айтуды кеңес ететін:«Әғузу бикәлимәтилләәһит тәммәәти мин ғадабиһи уә иқообиһи уә шарри ибаадиһи, уә мин һамәзәтиш шаятиин. Уә ағузу бикә Рабби, ән яхдурун»

Караван жаңалықтары
10 сәуір 2019 ж. 3 185 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930