ҚАЗАҚҚА АДАЛ БОЛҒАН КОНСТАНТИН
Хван Васильевич бүкіл саналы ғұмырын, білігі мен білімін Шиелі ауданының өркендеуіне, ауыл шаруашылығының дамуына арнаған азамат
Хван 1935 жылы Қиыр Шығыста, Примор өлкесінде дүниеге келген. Білімді Қазақстанда алған. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын малдәрігері мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Хванның еңбек жолы Шиелі жерінде «Гигант» ұжымшарында бас мал дәрігерінен басталып, аудандық кеңес атқару комитетінің төрағасына дейін жалғасты.
1970 жылы жас маман артта қалған шаруашылық «Авангард» ұжымшарының басқарма төрағалығына жіберіледі. Кейін ұжымшар кеңшар болып ұйымдастырылғанда Хван сол шаруашылықтың директоры болады. Ол басқарған кезде кеңшар тек аудан ғана емес, облыс көлемінде табысты шаруашылыққа айналды. Сүт өнімдерін өндіру, мал азығын дайындау, күріш өндірісін жетілдіру жөніндегі семинар-кеңестер осы шаруашылықта өтіп тұрды. КОКП орталық комитетінің ауыспалы қызыл туын кеңшар екі дүркін жеңіп алды. Хван осы шаруашылықтың экономикасының өркендеп, мәдениетінің дамуына қомақты үлес қосты, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайдың жақсаруына үнемі көңіл бөліп отырды.
Ол басқарған кезде кеңшарда мыңдаған шаршы метр тұрғын үй салынды, мектеп, балалар бақшасы, дәрігерлік амбулатория, монша пайдалануға берілді, су құбырлары тартылып, ауыл көшелері асфальтталды және көгалдандырылды.
1979 жылы жемісті еңбегі үшін Хванды аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы етіп ауыстырады. 1980 жылы Қазақстан компартиясы аудандық комитетінің екінші хатшылығына сайланады. Осы жылдың соңына қарай Константин Васильевичпен «Қарғалы» кеңшарына бірге барудың сәті түсті. Партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына қатыстық. Ол кезде «Өскен өңір» газеті редакторының орынбасары едім. Орынбасарлықтан бөлек, партия, халықтық бақылау комитеті және комсомолдың жұмысын көрсету маған тиесілі болатын. Жиналыс үлкен белсенділікпен өтті. Партия ұйымының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беріліп, Ысқақ Оспанов партия ұйымының хатшылығы қызметіне қайта сайланды.
Жиналыстан соң қонақтарға арнайы әзірленген дастархан басына бардық. Қоңыр- қызыл шәй ішіліп біткесін, буы бұрқырап ет келді. Бір ғажабы бір дастарханға екі қойдың басы келді. Бірінші бас екінші хатшының алдына, екіншісі менің алдыма қойылды.
– Ауданнан арнайы келген екі қонақты да ренжіткіміз келмеді, – деді дастархан иесі ағынан жарылып. Осы кезде сөзге араласқан Константин Васильевич:
– Қонақты құрметтеген дұрыс қой, әрине. Дегенмен, партияның тапсырмасын да ұмытпаған жөн. Қазіргі ұран – Қазақстанда қой басын 50 миллионға жеткізу болып отыр. Сіздердің шаруашылық аудандағы бірден бір қой өсірумен айналысатын кеңшар. Тәбеттеріңіз жақсы екен. Егер осы тәбетпен тұрсаңыздар қой саны 50 миллионға жуық арада жетпейтін шығар, – деді қарлығыңқы даусымен қарқылдай күліп. Отырғандар әзілдеп айтылған астарлы сөзге бір күліп алды...
Ал 1985 жылы аудан қалаулылары Хванды Шиелі аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағалығына бірауыздан сайлады. Ол бұл жауапты қызметте де өзінің іскерлігін таныта білді. Константин Васильевич ауаткомға төраға болған жылдары аудан экономикасы мен мәдениетінің және тұрмысының дамуына айтарлықтай сүбелі үлесін қосты.
Су құбыры жүйесін кеңейту, стадион, мәдениет және демалыс паркін, орталық базар алаңын, теміржол бекетін көгалдандыру, мектептер, балалар бақшалары, балалардың ойын алаңы, әмбебап және күнделікті қажет дүкендер, ауруханалар, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне арналған дүкен, мемориал тақтасы салынып, пайдалануға берілді. Бұл шағын аудан үшін 4-5 жылға аз жұмыс емес еді. 1990 жылы Хванды «Авангард» кеңшары ұжымының өтініші бойынша сол шаруашылыққа қайта жібереді. Халық кеңшар жетекшісін таңдауда қателеспепті. Кеңшар қайтадан еңсесін тіктеп, озаттар сапынан бой көрсетті.
Константин Васильевичпен екінші рет кездесудің сәті осы кезде түсті. 1991 жылы алғашқы жинағымды бауырыма басып, Шиеліге бардым. Ол уақытта Алматы қаласында тұратынмын. Қоңыр күздің кезі. Егін жинау науқанының қарқын алып тұрған шағы. Жолым «Авангард» кеңшарына түсті. Орта мектепті сонда бітіргенмін. Мені қырманда қарсы алды. Шаруашылықтың басшысы К.Васильевич жылы шырай танытты.
– Бұл жас ақын біздің жерлесіміз. Өзіміздің «Авангард» орта мектебінің түлегі. Аудандық «Өскен өңір» газетінде ұзақ жыл қызмет етті. Біздің шаруашылықтың жетістігін үнемі жазып, көрсетіп жүрді. Енді, міне, кітабын алып келіп отыр. Ұйымшылдық көрсетіп, кітабына қолтаңба жазғызып алыңдар, – кеңшар директоры қырман басындағы еңбеккерлерге мені біраз дәріптеп алып, сосын маған өлең оқуға ұсыныс жасады.
– Авангардтықтар туралы жазғаныңды оқып бер, – деді. Мен:
– Тасыттың берекесін күріштіктің,
Әр күнін жылға балап тыныштықтың.
О, диқан, құрыш білек, жомарт жүрек,
Бір өзің құдіреті ырыс-құттың.
Қалайша толғанбайын енді бүгін,
Шегі жоқ ерлер қанша ерлігінің.
Білікті бригадир Те Василий,
Топ жарып, көшті бастап келді бұрын.
«Авангардты» мен неге жыр қылмайын,
Қызғалдақтай құлпырса Құндызайым, – деп бастап, диқандарға, механизаторларға арналған біраз өлеңді қаумалаған қырманшыларға оқып бердім.
1993 жылы Хван «Гигант» ұжымшарына басқарма төрағалығына жіберіледі. Күш-жігерін аямай жұмсап, шаруашылықты біраз көтереді. Тұрғындардың да әл-ауқаты жақсарады. Ол осылайша еңбек жолын алғаш бастаған «Гигант» ұжымшарынан зейнеткерлікке шығады. Бірақ, ұжымшар еңбеккерлерінің сұрауы бойынша, қызметін ғасырдың соңына дейін атқарды.
Константин Васильевичтің қажырлы еңбегі Еңбек қызыл ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікпен бағаланды. Қазақ КСР жоғары кеңесі президиумының Құрмет грамотасымен екі рет, Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) үш медалімен марапатталды. Облыстық, аудандық партия комитеттерінің қатарынан бірнеше рет мүшесі болады. Облыстық, аудандық және ауылдық кеңестердің көп шақырылымына депутат болып сайланады. Константин Васильевич үлгілі отағасы болды. Ұл мен қыз өсіріп, олардың жоғары білім алуына мүмкіндік жасады. Қызы медицина ғылымдарының кандидаты.
Хван аудан басшылары мен тұрғындары арасында өте беделді және сыйлы болды. Басшымын деп кеудесін кермейтін, мейілінше қарапайым, қазақтың тойынан, асынан қалмайтын жүрегі жылы жан. Ұжым мүшелерінің бірінің үйіне келін түсіп немесе қайғылы жағдай болып қалса, қол ұшын созып, көмегін беруге әзір тұратын. Жастар оны «Костя ағай» десе, замандастары «Біздің Костя» деп құрмет тұтатын. Үнемі қазақша сөйлейтін, қазақтың мақал-мәтелін көп білетін. Иә, Константин Васильевич қазаққа адал, қамқор болған осындай азамат еді-ау...
Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі,
Қазақ журналистикасының қайраткері,
Қазақстанның Құрметті журналисі.