Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз көже қалай жасалады? 

Наурыз көже қалай жасалады? 

ÐаÑÑÑз көже Òалай жаÑаладÑ?

Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жыл басы 22 Наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады. Наурыз көже дайындауда сүрленген ет пен қазы, бидай, ақ және сары жүгері, қатық (немесе айран), тұз және су осылай жеті түрлі дәм қосылады. Пісіру кезеңіне келсек алдымен сүрленген етті бөлек пісіріп алады, себебі ет ұзақ піседі, содан кейін ақ және сары жүгеріні бірге қайнатады, ол 30-40 минут уақыт алады. Және бидайды пісіруге жарты сағат уақыт кетеді. Келесі кезек бидайды пісіру оған 30-40 минут уақыт керек. Наурыз көженің толық дайын болуына 3-4 сағат уақыт жұмсалады. Алдымен етті бөлек асып аламыз, негізінен еттің сүрленген болғаны абзал. Ал оның ішінде қазы болса тіптен жақсы. Одан соң ақ жүгеріні пісіреміз, өйткені ол еттен кейінгі ұзақ пісетін дән. Келесі кезекте сары жүгеріні қайнатамыз, жүгеріні пісіруге 40 минут уақыт кетеді. Және соңынан бидайды пісіріп аламыз. Бұны пісіруге жарты сағат жеткілікті. Ендігі уақытта ет пен дәндердің басын қосып тағы бір қайнатып алады, бұл жерде басты ескеретін нәрсе дәннің езіліп кетпеуі тиіс. Әр дәнді пісіріп алған соң оны аздап суытып алады. Жүгері мен бидайдың Наурыз көженің дәмін келтіруімен қатар құнарлылығы жоғары, яғни адам күні бойы тоқ жүреді. Ендігі қалғаны оған қатық қосу. Бұл жерде таңдау еркі беріледі біреулер қатық, біреулер айран, енді басқалары құртты қайнаған суға езіп соны қосады.

www.24.kz
20 наурыз 2019 ж. 3 239 0