Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең қауіпті 10 хобби

Әлемдегі ең қауіпті 10 хобби














Ұзақ күнгі жұмыстан шаршаған әр адамның қолы бос кезінде жан сергітіп айналысатын сүйікті ісі (хобби) болады. Хоббиді былайша айтқанда көңіл көтеру десек те болатындай. Алайда, хоббидің барлығы дерлік қауіпсіз бе? Әрине, жоқ. Біз ұсынған 10 хобби қызықты, адамға рахат сыйлағанмен, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Тәуекелге бел байлау көптің қолынан келе бермесі анық. Десе де ержүрек, батыл жандар жоқ емес. Ендеше, оқып көріңіз!

Дельтапланеризм


















Дельтапланеризм – өте қауіпті хобби түрі боп саналады. Алайда, адамдар онымен айналысуды тоқтатар емес. 116 000 ұшу әрекетінің біреуі өлім құштырады. Қорыта айтқанда, бұл хоббимен айналысу барысында жылына 7-10 өлім орын алады.

Үлкен толқынға серфинг жасау















Бұл хобби бір ғана тақтай үстінде тұрып үлкен көлемдегі толқындардың үстінде жүзу. Қиратқыш толқындар биіктігі 6-15 метр есебінде болуы мүмкін. Бұл – өте ауқымды толқын. Әр жыл сайын бұл хоббидің қызығына батқысы келген адамдардың 10-ға жуығы өлім дәмін татады екен.

Парашютпен секіру


















Парашютпен секіру қызықты әрі сондай әсерлі болғанмен, тәуекелге бел байлау қауіпті. Секіру барысында парашют іске қосылмай, ауада қақтығыс орнап, есінен айырылу қаупі тууы мүмкін. Бұл хоббиден жылына 21-ге жуық адам өлім құшады. 

Құзға шығу















Құзға шығудың басты талабы – соңына дейін шыдау. Сондай-ақ, мейлінше биікке шығу. Құзға шығудан жылына 25-тен астам адам қайғылы қазаға ұшырайды. 

Бэйс-джампинг


















Бэйс-джампинг адамға ең керемет сезім сыйлағанмен, өте қауіпті хобби болып саналады. Батыл адамның биік құздан немесе ғимараттан жалғыз ғана парашютпен қорықпай секіргенін елестетудің өзі үрейлі. Бұған көп адамның батылы жете бермейді. 2137 секіру әрекетінің біреуі өлім жағдайына әкеледі. 

Аквалангпен су астында жүзу


















Жер бетінің көп бөлігін су алып жатқандығы белгілі. Көпшілік бос уақытында су астында аквалангпен жүзуді қатты жақсы көреді. Теңіз немесе мұхит тереңіне саяхат жасау кім-кімнің де арманы болса керек. Осынау еліктіргіш хобби түрінен бір ғана АҚШ-тың өзінде 150 адам бұл дүниемен қош айтысады екен.

Ұшақпен ұшу














Ұшақпен ұшу – соңғы уақыттарда көп сұранысқа ие болған қызықты хобби түрі. Көп адам дербес пилот лицензиясына қол жеткізіп, жеке ұшақ сатып алады. Ұшқыштың қателігінен я болмаса ауа райының қолайсыздығынан жылына 400-ге жуық өлім жағдайы орын алады.

Қайықпен серуендеу


















Жағдайы жеткен кез келген адам өзіне қайық немесе яхта сатып алып, серуендегенді ұнатады. Қайықпен серуендеу бір қарағанда қауіпсіз боп көрінгенмен, өте қауіпті хобби. Күтпеген жағдайлар кенеттен орын алуы мүмкін. Америкада қайықпен серуендеймін деп жылына 736-ға жуық адам мезгілсіз ана өмірге аттанады. 

Көше скейттерінің жарысы

















Скейтпен жарысу – бұл негізінен өз өмірін бағаламайтындардың қызығушылығы іспетті. Скейтпен жарысатындар жоғары жылдамдықпен жоғары-төмен жүріп, әртүрлі бұрылыс жасайды. Бұл скейттерде тежегіш болмайды. Сол себепті де қайғылы жағдайлар жиі болып тұрады. Мыңдаған бұрылыс кезінде бір адам өледі. 

Мотоциклмен жүру















Мотоцикл жүргізе білу – әрқашан еркіндіктің сиволы іспеттес. Мотоциклда автобус секілді металл шанақ (кузов) жоқ, яғни сізді ештеңе қорғай алмайды. Демек апатқа ұшырағанда бірден өліп кетуіңіз бек мүмкін. Жыл сайын мотоцикл айдаған 4 462 адам көз жұмады.
 
Дереккөз: massaget.kz
14 қараша 2018 ж. 18 814 0