Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы

Суда жүзудің сегіз түрлі пайдасы


Шынығудың ең тиімді құралдары – ауа, күннің көзі және су екенін ғалымдар үнемі айтып келеді. Соның ішіндегі су – тіршіліктің көзі, өмірдің кепілі. Ал, шомылу немесе жүзу – шынығудың ең тиімді түрі. Жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Бұл өз кезегінде қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Әсіресе, адам ағзасының суыққа деген төзімділігі арттырады. Жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас «құрал». Мәселен... 1. Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл-қозғалыста болады. Сондықтан артық дене жаттығуын жасаудың да қажеті болмайды. 2. Дене сұлулығын қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені, ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады. Жүзу барысында бел омыртқаның қасындағы бұлшық еттер босаңсиды. 3. Сонымен қатар, жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады. 4. Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады. 5. Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан, сізге тұмаудан қорқудың қажеті жоқ. 6. Фитнеске қарағанда, жүзу арқылы тез арықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория жұмсалады. 7. Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі. 8. Ең бастысы, жүзу - керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз. 

Дереккөз: bilim-all.kz

01 қараша 2018 ж. 1 629 0