Қарағанды облысында кәсіпкер саңырауқұлақты пісте қабығына өсіруде
Қарағанды облысында жеке кәсіпкер аспа саңырауқұлақты күнбағыс тұқымдарының қабығына өсіріп, табыс тауып отыр. Экологиялық таза отандық өнім тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау құралдарының бірін пайдаланған. Осыдан екі жыл бұрын Әлия Жұматаева бизнес-жоспарын қорғап, өз ісін ашуға 2 млн теңге көлемінде грант ұтып алды. Ол «Топар жылыжайларында» 2000 шаршы метр аумақ жерді жалға алып, саңырауқұлақ фермасын ашты. Әлия Жұматаева, кәсіпкер: - Алматыда оқыдым. Саңырауқұлақ өсіретін фирманың технологынан дәріс алдым. Одан кейін Саратов қаласындағы саңырауқұлақпен айналысатын шаруашылыққа бардым. Қазір өз ісімді дөңгелетіп отырмын. Ресейде өтетін саңырауқұлақ форумдарына жиі барып тұрамын. Мемлекеттік стандартқа сәйкес барлық қажетті рұқсатнамамыз бар. Күнбағыс тұқымдарының қабығына егілген тұқым алғашқы өнімін рет бір айдың көлемінде береді. Өсіру, баптау, жинау кезіндегі ережелер дұрыс сақталынса, бір тұқымнан жарты жылға дейін өнім алуға болады. Арнұр Абдусаламов, саңырауқұлақ шаруашылығының қызметкері: - Шемішкенің қабығы дымқыл тәрізді болады. Бір пакеттен бізден үш, төрт, бес килограмнан шығады. Саңырауқұлақты еттің орнына жеуге болады. Пайдасы өте көп. Бастапқыда саңырауқұлақты сабанда өсіріп көрген кәсіпкер оның тиімсіз екенін анықтаған. Ал қазіргі технологиясы көңілінен шығып отыр. Күнбағыс тұқымының қабығын ол Алматы мен Шымкент қалаларынан сатып алады. Дәл осы бөлмеде шемішке қабығына отырғызылған аспа саңырауқұлақтары алғаш рет өсіп шығады. «Бір қаптан бес рет өнім алуға болады», – дейді мамандар. Кәсіпкер алдағы уақытта саңырауқұлақты консервілеу бекетін ашуды жоспарлап отыр. Ол бұл саңырауқұлақтан икра жасап немесе тұздаған дұрыс дегенді айтады. Бүгінде шаруашылықтың қуаттылығы айына 9 тонна өнімді құрайды.
www.24.kz
www.24.kz