Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар желісі пайда болмақ

Елімізде қоқысты қайта өңдейтін зауыттар желісі пайда болмақ


Испаниялық компания ұсынған «МирОлиз» технологиясы қоқыстың кез келген түрін қалдықсыз жоюға және оны газға айналдыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Хабар 24». «Қазақстан-Испания» бизнес форумында аталған жоба бойынша меморандумға қол қойылды. Отандық кәсіпкерлердің айтуынша, тың бастама Атырау, Ақтөбе және Түркістан облыстарында қолға алынып жатыр. Бүгінде Астана және Қарағанды қалаларының әкімдіктерімен келіссөздер жүргізіліп келеді. Кеңінен қолдау тауып жатса, қалған өңірлермен де келісімге қол қою көзделіп отыр. Жалпы жоба құны – 150 млн АҚШ доллары. Әділ Өтембаев, жауапты серіктестіктің басқарма төрағасы: - Испаниялық компания қоқыс шығарумен айналысатын жергілікті мекемелермен әріптестік орнатуға ниетті. Өйткені аталған салаға бірыңғай жүйе керек. Осылайша, отандық кәсіпорындар қоқысты бұрынғыдай полигондарға емес, қайта өңдеу зауыттарына тұрақты түрде жеткізіп отырады. Жоба стратегиясы 2050 жылға дейін жоспарланған.

www.24.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 1 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930