Қанатын кеңге жайған Шиелі
Кәсіпкерлігі кең қанат жайып, өнеркәсібі өркендеген Шиеліде бірқатар кәсіпорынның іргесі қалануда. Мұнда қазір өнеркәсіп өнімінің экономикадағы үлесін арттыру бағытында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен 3 жоба жүзеге асырылуда. Олардың алғашқысы – жобалық құны 64 млрд теңгені құрайтын «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның тампонажды цемент шығару зауыты. Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Шиелі ауданына сапары аясында маңызды нысандағы құрылыс барысымен танысты.
– Мемлекет тарапынан зауыт құрылысына аумағы 46 гектар болатын жер телімі берілді. Бүгінде тампонажды цемент мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады. Ең бастысы, өнім шығаруға өңірдің шикізаттық базасы толық жетеді. Бұл ретте шетелдік инвесторларды тартып, аймақта зауыт құрылысын бастап жатқан кәсіпкерлерге, «Гежуба Групп» компаниясы басшылығына алғыс білдіргім келеді, – деді аймақ басшысы.
Жылына 1 млн тонна тампонажды цемент өндіретін зауыттың құрылысы жыл соңында аяқталады деп күтілуде. Нысан іске қосылғаннан кейін 200-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ. Қытай инвесторларының көмегімен салынып жатқан Орта Азиядағы заманауи технологиялы алғашқы өндіріс орны аудан халқының әлеуметтік жағдайын арттыратыны сөзсіз. Зауыт өнімінің 30 проценті шетелдерге экпортталады. Оған қоса мамыр айында аудандағы индустриалды-аграрлық колледжде білім алған 48 жергілікті жас Қытай Халық Республикасындағы зауыттарда қосымша оқудан өткен. Қазір олардың алды елге оралып, шетелдік тәжірибені қажетке жаратуға асық.
– Біз Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіндегі өндіріске қажетті жұмысшы мамандықтарды дайындау бағытында жинақталған оқу курсында білім алдық. Кейін кәсіпорын есебінен Қытай мемлекетінде тәжірибе алмастық. Ол жақта мұндай бағыттағы 5000-ның үстінде зауыт бар екен. Үйренер нәрсе өте көп. Өркениет көшіне ілесу үшін жан-жақты терең білім керек. Сондықтан, әріптестік бағыттағы жұмыстар жалғаса беруі тиіс деп есептеймін, – деді жас маман Абзал Алдажұманов.
Бүгінгі күні колледжде жергілікті 80 жас өндіріске қажетті мамандықтарға оқытылуда.
Инвестиция, құрылыс саласындағы осындай ілгерілеушілік ауданды өзге өңірлерден ерекшелеп тұр. Себебі, жалғасын тауып жатқан осындай жүйелі жұмыстар уақыт өте өз жемісін беріп келеді.
Осы күні облыс басшысы Төңкеріс ауылдық округіндегі Ш.Қодаманов ауылына ат басын бұрып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатына қатысты.
– Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында біздің елімізде спортқа айрықша көңіл бөлініп, аталған сала жан-жақты дамып келеді. Облыста спорттық инфрақұрылымдарды дамытуға зор көңіл бөлінуде. Заманауи спорт алаңдары, стадиондар, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары салынуда. Бұл бағытта Шиелі ауданының жетістіктері өзгелерге үлгі боларлық. Былтыр ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, биыл Алғабас және Еңбекші ауылында да спорт кешені іске қосылды. Сонымен бірге Керделі, Жөлек және Бестам ауылдық округтерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізілуде, – деді аймақ басшысы.
Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіхан Мизамбаев ел ертеңі – жастарға жасалған мұндай қолдау үшін облыс басшылығына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, жалпы құны 150 млн теңге болатын спорт кешенінің құрылысы мамыр айында басталған. Ауылдағыларды спортқа баулуға мүмкіндік беретін нысанды салған «Төңкеріс-К» ШҚ жетекшісі Бауыржан Көпеев. Кәсіпкер басқаратын серіктестікте қазір 120 ауыл тұрғыны еңбек етеді. Олардың қатарында жастар да бар.
Заманауи кешенде бокс, күрес, волейбол, кіші футбол үйірмелері, атлетика залы жұмыс жасамақ. Байқағанымыздай, аудан орталығында жабық жүзу бассейнінің де құрылысы аяқталған екен. Жақында осындай нысан Гигант ауылдық округінде де қолданысқа берілген болатын.