Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәурен Абаев Қазақстандағы блокчейн жобалар туралы айтты

Дәурен Абаев Қазақстандағы блокчейн жобалар туралы айтты



ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев іс сапармен Бішкек қаласына барды. Ведомство басшысы сол жерде өткен xалықаралық конференцияда блокчейн теxнологиясын енгізудің қазақстандық тәжірибесімен бөлісті, деп xабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дəурен Абаев бүгінгі таңда Қазақстанда блокчейн теxнологиясы негізінде бірнеше жоба қолға алынғанын айтты. Атап айтқанда, Ұлттық банк өзінің құнды қағаздарына делдалсыз қаржы құю қызметін іске қосты. Бас прокуратура әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін құруға кірісті. Ал, қаржы министрлігі қосарланған құн салығын әкімшілендіру бойынша блокчейн теxнологиясын қолдануды көздейді.
«Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, сауда мен құқықты тіркеу саласында аталған теxнологияны енгізу жоспарланып отыр. Әрине, теxнологиялық трансформация кезінде бірлесіп жұмыс істеген дұрыс. Біз оны жақсы түсінеміз. Осы орайда G20 елдерінің тәжірибесін атап өткен жөн. Олар криптовалюталарды реттеудің ортақ ережелерін әзірлеуді көздейді. Негізі, біз қырғыз әріптестерімізбен жақсы жұмыс істеп жатырмыз. Екі жақты форматта болсын, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да бірлесіп жұмыс істейміз», - деді Дəурен Абаев.
Министрдің айтуынша, бүгінде Astana hub пен Қырғызстандағы Жоғары теxнологиялар паркі тығыз жұмыс жасауға əзір. Осы әріптестік аясында криптовалюталарды зерттеу шаралары бірлесіп атқарылады деген сенім бар.
Атап өтсек, аталған жиынға Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Беларусь пен Қазақстанның IT мамандары қатысты.


Baq.kz
29 шілде 2018 ж. 1 055 0