Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар ақшаларын жаратуға қорқады – зерттеу

Қазақстандықтар ақшаларын жаратуға қорқады – зерттеу




Қазақстандықтардың 45% валюта бағамынан туындаған құлдыраудан таяу жылдары еліміздің шығатынына күмән келтіруде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Осы ретте, сауалнамаға қатысқандардың 8% Қазақстандағы экономикалық жағдай бір жылдың ішінде жақсаратынына сенімді.
Nielsen Kazakhstan бөлшек аудитінің басшысы Мадина Сейсенғалиеваның айтуынша, Қазақстанда халықтың көңіл күйін және болашаққа деген сенімін білдіретін тұтынушылық сенім индексі 2017 жылы IV тоқсанда 2 пунктке төмендеп (жыл басындағы өсімнен кейін), 81 деңгейінде тұрақтады.
Алайда қазақстандықтар ресейліктермен (69%), украиналықтармен (61%) және белорустармен (60%) жарысуда жақсы болжамдар жасауда.
«Ұлттық валютаның құнсыздануы сатып алушылардың көңіл күйінде көрініс табуда, олар азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін деп қорқады (16%). Бұдан басқа, қазақстандықтар экономиканың бүгінгі жағдайына алаңдаулы (13%) және жұмысымыздан, күн көріс көзінен айырылып қаламызба деп қорқады (11%)», - деп түсіндірді Сейсенғалиева.
Оның айтуынша, құнсызданудан туындаған тәуекелдер қазақстандықтардың басым бөлігін үнемдеуге көшуге итермелеуде және бұл бүгінгі күннің жаңа шындығы.
«Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55% шығын көлемін азайту үшін жаңа киімдерді сатып алу шығынын қысқартатынын айтқан. Тағы 50% үйден тыс қыдыруға кететін шығынды қысқартпақшы. Ал, тағы 41% еңбек демалысы мен демалыс шығынын азайтпақшы. Сонымен қатар, 36% техниканы жаңарту сынды мәселелерді кейінге қалдырмақшы. Мысалы телефон, тұрмыстық техника немесе кампьютер сатып алу және т.б. Сатып алушылардың 33% күнделікті сұраныстағы заттарды алу үшін арзанырақ брендтерге көшпекші», - деп түсіндірді Сейсенғалиева.
Сарапшы атап өткендей, бүгінде қазақстандықтардың 76% ақшаны жаратудың қажеті жоқ деген сенімде. Ал, ақшасын шашуға дайын елдердің рейтингісінде Қазақстан соңғы ондыққа енді. Алайда бұл жолы да ол Ресей (82%), Украина (86%) мен Беларусь (88%) елдерін басып озды.
Осы ретте, айта кетер болсақ, Түркия, Дания мен Германия тұрғындары өздерін жақсы сезінеді, олардың ақшаны жаратуға дайындығы сәйкесінше 60%, 55% және 52% құрады.

Baq.kz сайты
17 маусым 2018 ж. 854 0

Қоғам

БАҒДӘУЛЕТТІҢ БӘСІ БИІК

08 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930