Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетел валютасына сұраныс күрт азайды

Шетел валютасына сұраныс күрт азайды

Шетел валютасына сұраныс күрт азайдыҰлттық банктің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы маусым айында халықтың шетел валюталарын сатып алу көлемі айтарлықтай төмендеді, деп жазады Egemen.kz. Атап айтқанда, қазақстандықтар долларды 109,4 млрд теңгеге сатып алған. Бұл өткен аймен салыстырғанда 32,2%-ға (немесе 52,1 млрд теңгеге) аз. Мамырда бұл көрсеткіш 161,5 млрд теңге болған.
Еуроға деген сұраныс одан да қатты құлдырады, 12 есе қысқарып, 13,8 млрд теңгеден 1,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Долларға негізгі сұраныс Алматы мен Шымкент қалаларында тіркелсе, рубль бойынша кері үрдіс байқалды: маусым айында айырбастау орындары халықтан 40,5 млрд теңгеге рубль сатып алған. Бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде Алматы тұрғындары 35,7 млрд теңгенің рублін өткізген.
Ұлттық банк мәліметінше, мұндай динамика 2024 жылдың желтоқсанынан бері жалғасып келеді. Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 545,07 теңгені құрады.
25 шілде 2025 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930