Бозымбаев бензин бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты
Жанар-жағармай нарығында бағаның қалыптасуына екі негізгі фактор ықпал етуі мүмкін. Біріншісі – ол Ресейде бензинге бөлшек және көтерме бағалардың өсуі. Екіншіден, біз Қазақстан ішінде еліміздің қажеттігінен 1,5 есе артық қор жинадық. Шын мәнінде, біздің зауыттар мен трейдерлерге бензинді өткізу қажеттігі бар. Сондықтан осы тұрғыда үнемі қандай да бір тепе-теңдік болады. Біздің мұнай өңдеушілерге бензинді өткізу керек. Атап айтқанда, бұл отын түрінің жинақталуы артып келеді. Себебі екі зауыт жаңғыртудан өткізілді», – деді Қ.Бозымбаев Парламент Мәжілісінде тілшілерге берген жауабында. Оның сөзіне қарағанда, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту нәтижесі жоғары октанды АИ-92 мен АИ-95 бензинін қажетті көлемде қамтамасыз етеді.
«Төрт және бес айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтың 90 пайызға жуығы қазақстандық бензиннің өндірісі есебінен, ал 10 пайызы ресейлік отын көлемімен қамтылды. Осы орайда ел ішінде бағаның қалыптасуына аталған екі фактор әсер етеді. Қазіргі кезде Ресейде бағаның өсуі біздің ішкі нарыққа айтарлықтай ықпал етіп тұрған жоқ. Яғни қазақстандық бензиннің көбірек ұсынылуы факторы елеулі әсер етуде. Өздеріңіз білесіздер, ҚМГ бензин құнын төмендеткен болатын. ҚМГ осы нарықта ірі ойыншы болғандықтан, қалғандары оның іс-қимылдарына қарайды. Егер олар бағаны көтерсе, бұл өз кезегінде сұраныстың артқанын білдірмейді. Сондықтан аталған екі фактор арасында қандай да бір тепе-теңдік болады», – деп нақтылады Қанат Бозымбаев.
INFORM.KZ