Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 385 мың адам несие алудан бас тартты

Елімізде 385 мың адам несие алудан бас тартты

Қазақстанның 385 мың азаматы банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан несие алудан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 385 мың адам несие алудан бас тартты
Фото: dknews.kz

«Ақпан айында қарыз алудан ерікті түрде бас тарту туралы заң нормасы күшіне енді. Қазіргі таңда Қазақстанның 385 мың азаматы несие алудан бас тартудың осы ерікті құқығын пайдаланып үлгерді. Бұдан басқа несиелеу кезінде тәуекелдерді азайту туралы заң аясында біз қаржы ұйымдарының қосымша жауапкершілігін қарастырдық. Егер олар осы уақытқа дейін несие алудан өз еркімен бас тартқан адамдарға несие берсе, онда банктер мен микроқаржы ұйымдары бұл несиелерді есептен шығаруы тиіс», деді Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары осы жылдың бірінші тоқсанында берілген шағын несиелердің жалпы сомасы 525 млрд теңгені құрағанын айтты.

«Шамамен 4,5 млн шарт. Өткен жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендеу байқалады. Несиенің көлемі мен саны бойынша да шамалы төмендеу бар», деп қосты Олжас Қизатов.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті
07 маусым 2024 ж. 2 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930