Президент жарлығы экономиканы қалай өзгертеді?
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Аты айтып тұрғандай, құжат ел экономикасының дамуына септігін тигізетін тетіктермен толықтырылған. Басты бағыт бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамту болып отыр. Бүгінде жаңа Жарлықтың ел экономикасына әсері мен ұтымды тұсы туралы сарапшы мамандар түрлі пікір мен болжам жасап та үлгерген.
Фото aa.com.tr
Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековтің айтуынша, ең алдымен Жарлық мәтінінде экономика саласының ілгері басуына әсер ететін көптеген фактор бар. Әрі бұл құжатты кезекті тиімді реформалардың бірі десек болады.
«Саясатта, қоғамдық қатынастарда маңызына қарай бірінші кезекте конституциялық реформалар аталады. Енді екінші ірі реформаның басы ретінде «Экономикалық ырықтандыруды» атай аламыз. Жалпы, Батыс елдерінде «экономикалық конституция, конституциялық экономика» сөздері жиі кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда, аталған Жарлық бәсекеге қабілеттілікті арттыруды мақсат етпек. Ал мұны мемлекеттің экономикаға қатысуын шектеу және бизнеске бағытталған шығындарды азайту арқылы іске асыра аламыз», дейді ол.
Ол үшін бірінші Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің критерийлерін әзірлеу және олардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрылмақ. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен онымен еншілес компаниялардың корпоративтік басқару мен сапасын арттыру және сатып алу үдерістері жолға қойылады. Тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін бірқатар нақты шара қабылданбақ.
Сарапшының айтуынша, Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис жұмысына Президент жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес қана өзгеріс енгізе алады. Егер кеңестің өзге ұсыныстары немесе бастамалары болса, офис шешімдері қайта қаралуы мүмкін. Тағы бір айта кетер жайт, бизнес ашу және оны жүргізуді жетілдіру үшін квазимемлекеттік ұйымдардың коммерциялық қызметінің қолжетімділігі, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету көзделген. Ол үшін отандық стандарт бойынша міндетті түрде жобалық-сметалық құжаттама әзірлемей, құрылыс салуға озық халықаралық стандарттарға сай келетін жобаларды пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Жарлықта бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғауды күшейтуге басымдық берілген. Соның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыс санатынан алып тастау, мемлекеттік органдар бастамашылық ететін тыйым салу-шектеу шараларын прокурорлармен келісу және басқа да рәсімдер арқылы күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені жеке блок ретінде берілген.
Құжаттың жүзеге асырылуы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ауқымды және жедел түрде қысқартуға, жеке кәсіпкерлік үшін экономикалық кеңістікті ұлғайтуға қосымша серпін береді деп күтіліп отыр. Иә, аталған Жарлық кәсіпкерлік бағытта еркіндік береді. Сондай-ақ алдағы уақыттағы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді айқындайды. Қайырбек Арыстанбековтің пікірінше, расымен де елдегі бизнес саласына көптеген жеңілдік керек.
«Жаңа Жарлық тәжірибе жүзінде қалай іске асады, оны уақыт көрсетер. Әйтсе де, бизнеске берілетін жеңілдіктерге ден қойылып отыр. Қазір елде шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі шамамен 37-38 пайыз шегінде ғана. Себебі белгілі бір дәрежеде шағын және орта бизнесті квазимемлекеттік секторлар ығыстырып келді. Бұл идеяларды Ұлттық құрылтай платформасында жеткізіп, билік назарына ұсынғанбыз», дейді экономист.
Жалпы, Жарлықта цифрландыру, субсидия, энергетика мен байланыс, жер ресурстары саласында да оң өзгерістерге бағытталған ықшамды реформалар болатыны жазылған. Сондай-ақ тариф саясаты қайта қаралмақ, нақтырақ айтсақ, ынталандыратын тарифтік механизмдер әзірленеді. Жоғарыда айтылған шағын және орта бизнеске бұл да көптеген жеңілдік әкеледі.
«Жеңілдіктің белгісі мемлекеттік сатып алу жүйесінде де байқалып отыр. Мәселен, бұрын мемлекеттік сатып алу үдерісі кезінде көбін квазимемлекеттік секторлар ұтып алатын. Ал жаңа Жарлықта белгілі бір квазимемлекеттік секторда мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асса, қатыстырылмайтын болды. Мұны дұрыс қадам деп бағалауға болады. Сайып келгенде, мемлекет кезекті ірі экономикалық реформаға беттеп отыр. Осылайша, еркіндікке, жеңілдікке құрылған жүйе келешекте оң нәтижесін беруге тиіс», деді сөзінде Қ.Арыстанбеков.