Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

Ел экономикасын еселейтін маңызды саласының бірі – мал шарушылығы. Ерте заманнан бері төрт түлікті түгендеп, оны баптаудың қырсырын меңгерген халықтың атакәсібіне айналған саланың бүгінгі жай-күйі қалай? Шаруалар табиғаттың икемділігіне қарай жылдың төрт мезгілінде көшіпқонып, қыста қыстауды, жазда жайлауды, күзде күздеуді, көктемде көктеуді пана етіп, алдындағы өрісті аман-есен жазға жеткізудің қамына кірісіп кеткен болар.
Шиелі ауданында мал шаруашылығы саласының қарқыны жыл санап артып, даму көрсеткіші жоғарылап келеді. Ауыл шаруашылығының мамандары берген мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың наурыз айындағы көрсеткіші бойынша мүйізді ірі қара саны – 81238 басты құраса, уақ мал саны – 118210 басты, жылқы саны – 25166 басты, түйе саны – 1516 басты құрап, ірі қара 117,6%, уақ мал 103,4% жылқы 96,8% ,түйе 106,2 пайызға көбейген. Төрт түлік мал басының артуына байланысты ет өнімі – 108,7 пайызға, сүт өнімі – 101,1 пайызға артқан.
Жыл өткен сайын мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер саны артып келеді. Үкімет тарапынан қолдау тапқан тиімді бағдарламалар халықтың ата-кәсіппен айналысып күн көруіне, адал еңбекпен нәпақасын табуына үлкен мүмкіндікке жол ашуда. Ауданда ет, сүт бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер қатары жетерлік. «Ару Ана» шұбат цехы шұбатпен қатар сиыр сүтінен құрт, айран, қаймақ сынды өзіміздің өнімдермен аудан тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. «Ару Ана» шұбат цехы жылына 245 тонна өнім өндірсе, дәл осы бағыттағы «Асылхан» шаруа қожалығының сүт фермасы 200 тоннаны құрап отыр.
Төрт түліктің аймаққа етене жақын түрі мүйізді ірі қара мен қой малын өсірушілерге мемлекеттік қолдау кеңейіп, селекциялық асылдандыру жұмысын жүргізуге көңіл бөлінуде. Кәсіпкерлерге ет өндіруге байланысты мемлекеттік субсидия беріліп, мал өсіруге қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда мал өсірумен айналысатын ірілі-ұсақты шаруа қожалық саны 700-ге жуықтаған.
Бүгінде мал шарушылығының асылдандыру бағытында жүйелі жұмыстар жолға қойылған. Нәтижесінде, асыл тұқымды мүйізді ірі қара саны – 2171 басқа, асыл тұқымды қой малының саны – 60000 басқа, асыл тұқымды түйе саны – 367 басқа, асыл тұқымды жылқы саны – 281 басқа жеткен.
Төрт түліктің жақсы өнім беруі үшін шөбі шүйгін жайылымды жердің болуы аса маңызды. Өткен жылы кейбір шаруалар жайылымды алқаптың жоқтығын айтып дабыл қаққан болатын. Өткен жылы көтерілген мәселелер шешімін тауып, биыл қайталанбайтынына сенім артып отыр. Аудан аумағында – 3,2 млн га, оның ішінде жайылымды алқаптар – 1 211 356,8 га болып, ол ауданның жалпы жер көлемінің – 34 пайызын құрап отыр. Оның ішінде жайылымды алқаптар ауыл шаруашылығы жерлерінде – 228 658,5 га, елді мекен жерлерінде – 25311 га, қосалқы жер қорында – 906 986,4 гектарды алады.
«Мал баққанға бітеді» демекші, көктем мезгілінде шаруалар көктеуге шығып, төрт түлігін төлдетуде. Адал маңдай тер мен еселі еңбектің арқасында ата кәсіп жанданып, жыл сайын оң нәтиже көрсетуі қуанарлық жағдай. Алдағы уақытта да төрт түліктің саны артып, ел несібесі көбейе бергей.

М.ҚАЙРАТҰЛЫ
09 сәуір 2024 ж. 2 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031