«ЖАСЫЛ БАСТАМАЛАРДЫҢ» ЖАРШЫСЫ
Халықаралық энергетикалық агенттік «2040 жылы электр энергиясының шамамен, 60 пайызы жаңартылатын көздерден, оның жартысына жуығы жел мен күннен алынатын болады» деген болжам жасады. Әлемдік энергетикалық теңгерім құрылымының өзгеруі қазірдің өзінде бірқатар мұнай-газ компанияларына балама энергетикаға инвестиция салуға, сондай-ақ корпоративтік венчурлық қорларды құруға түрткі болып отыр. Ғалымдар қазіргі жылу және энергия көздерінің сарқылатынын толық мойындады, алайда экологияға зиянсыз жаңа технологияларға көшу әлі де бүкіл әлем бойынша бұқаралық сипатқа ие бола қойған жоқ.
Дегенмен Қазақстан алғашқы қадамдарды жасап үлгергендей. Өйткені елімізде өткен халықаралық көрменің өзі «Болашақтың энергиясы» тақырыбын арқау етті. Экожүйенің бұзылмауын мақсат еткен Париж климаттық келісіміне қол қойғанымызды айтпағанның өзінде, халықаралық деңгейде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын енгізу туралы бастама көтердік. Дәстүрлі энергия көздеріне бай ел екенімізді ескерген кейбір сарапшылар бұл әрекетімізді шын мәнісіндегі ерлікке балап жатыр. Президенттің ұсынысымен «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманы қабылдап қойғанымыз тағы бар.
Жақында Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаева «жасыл экономика» терминін заңды тұрғыда бекітуді ұсынды. Жоғарыда айтылған жайттың барлығы «жасыл технологияны» игеруге бағытталған механизмнің бір ғана көрінісі. Ал нәтиже тәжірибеге енген технологиялардың ауқымымен өлшенбек. Бұл тұрғыда EXPO – 2017 халықаралық көрмесі бізге идеялар алаңы ретінде қол ұшын созды.
Бүгінгі таңда көрменің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды ел аумағында қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Осыған байланысты ұлттық компаниялардың өкілдерінен, энергетиканың түрлі салаларындағы жетекші сарапшылардан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен сараптамалық жұмыс тобы құрылғанын айта кеткен абзал. 47 маманнан тұратын жұмыс тобы төрт бағыт бойынша 105 шетелдік технология мен 28 отандық технологияның тізімін құрды: Оның ішінде мұнай және газ саласынан — 27, көмір өнеркәсібі бойынша — 7, электр қуаты, энергияны үнемдеу және ЖЭК — 63, экология секторында (қалдықтарды басқару, суды тазарту, ауаның сапасын бақылау) — 36 технология.
Алдағы уақытта өтетін Астана экономикалық форумының пікірталас алаңында да осы салаға ерекше көңіл бөлініп, басты тұжырымдамалардың біріне «Жаңа таза энергия әлемі» деген айдар тағылып отыр. Бұл – өзгелердің тәжірибесімен танысуға берілген тағы бір мүмкіндік. Осы орайда, Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төрағасының орынбасары Елдос Абақановтың қазақстандық «жасыл технологиялар» туралы пікірін білген едік.
– «Жасыл экономиканың» тиімділігін оның экологияға тигізер оң әсері арқылы қарастырамыз. Экономика экологияға зиян келтіру арқылы белгілі бір кезеңге дейін ғана өседі, одан кейін кері кетеді. Ал Қазақстан – әлемдегі «жасыл экономиканы» қолдаушы елдердің бірі. Бізде «жасыл экономикаға» көшу жөнінде тұжырымдамалық жоспар бар. Демек, біз «жасыл экономиканы» әдемі сөз ретінде ғана қарастырмай, оның механизмдері мен принциптері ескерілетін ұсыныстарға да көңіл бөлуіміз қажет. Астана экономикалық форумына келген эксперттерден бұл сала әлемде қалай дамып жатқаны жайында көп мағлұмат пен ұсыныстар алуға болады.
«Күкіртті салыққа» қалай келеміз?
Париж климаттық келісімшартына сәйкес, еліміз 2030 жылға дейін ауаға шығаратын парник газдар көлемін төмендетуі қажет. Ол үшін не істеу керек? Мысалы, өндірілген тауардың құнына оның құрамындағы зиянды заттар тікелей әсер ететін болады. Шет мемлекеттерде «күкіртті салық» деген түсінік енгізіліп жатыр. Ол бойынша экспортқа шығатын тауар экологияға қаншалықты зиян келтіргенін, оның экономикалық құнын есептеп шығарады. Нәтижесінде, өнім экологияға тиімсіз болса, оған арнайы салық салынады.
«Жасыл көпір» және біз
Қазақстан 2012 жылы БҰҰ-ның әлемдік жер саммитінде «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ұсынды. Оның негізгі мақсаты – «жасыл технологиялардың» таралуын қамтамасыз ету, аймақтық келісімшартты жақсарту. Одан бөлек EXPO – 2017 халықаралық көрмесін өткіздік. Міне, мұның барлығы – Қазақстанның «жасыл бастамалары».
«Жасыл көпір» бағдарламасы мемлекетаралық құжат ретінде мынадай принциптерді ұстануды талап етеді екен: экологиялық экономика, оның ішінде ақпараттандыру, ғылымды дамыту, технологиялар трансферті де бар. Соңғысы бойынша дамыған елдер дамушы мемлекеттерге технологиялар трансфертін жасайды.
EXPO-дан қалған мұра
Келесі қадам ретінде құрылып жатқан Халықаралық «жасыл технологиялар» орталығын айтып өтуге болады.Қазіргі таңда бұл орталық енді-енді жұмысын бастамақ және ол «Жасыл көпір» бағдарламасының идеологиялық-тәжірибелік алаңы болып қалыптасуы қажет. Әрі ол EXPO көрмесінен қалған тарих ретінде, яғни мұрасы ретінде құрылып отыр. Бір сөзбен айтқанда, ЕХРО-да болған технологиялар мен өнертапқыштардың идеяларын, жобаларын ары қарай жүзеге асыру және оны экономикаға енгізу. Мысалы, «жасыл экономикада» «төмен күкірттекті даму» деген ұғым бар. Оның ең басты мақсаты – қоршаған ортаға бөлінетін лас заттардың көлемін азайту. Оны әрине, осы «жасыл технологиялардың» көмегімен төмендетеміз. Ал «Жасыл технологиялар» орталығы бізге дұрыс сараптама беру арқылы кәсіби тұрғыда көмек көрсетеді.
Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдама әзірленіп, оған 2013 жылы қол қойылды. Тұжырымдамада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік, жаңартылатын энергия сияқты экономиканың жекелеген салаларын реформалауға бағытталған міндеттердің тізімі ұсынылған.
Кәмила ДҮЙСЕН