Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ТАРАЗЫ ТАРТАДЫ

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ТАРАЗЫ ТАРТАДЫ

Біздегі мүйізді ірі қараның іргелі мәселесінің бірі – тұқымының күн санап тектілігін жоғалтып бара жатқандығы. Бұл күнде селекциялық жұмыстардың ұзақ жылдар бойы жүргізілмей, тіпті ұмыт қалуы өз «жемісін» бере бастаған. Соның нәтижесінде ойсыл қара тұқымының сыны кетіп, тектілік сипатынан айырылудың аз-ақ алдында тұр: жануардың дене тұрқы кішірейген, еті қашып, сүті де сұйылған һәм азайған. Яғни, малдың санын көбейтіп қана қоймай, оның сапасына баса мән беру бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселенің бірі.
Осыған қарай Мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы ел экономикасының драйверіне айналуы керек деп міндет жүктеген болатын. Ол үшін алдымен төрт түлік малдың тұқымын асылдандыру керек. Сәйкесінше елімізде асыл тұқымды мал басы көбейіп келе жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтқан болатын.
– Соңғы жылдары мал шаруашылығының генетикалық әлеуеті айтарлықтай ұлғайды. Мемлекеттік қолдау іс-шараларын күшейту есебінен асыл тұқымды малдың барлық түрлері бойынша үлес салмағы артты. Мысалы, асыл тұқымды ір қара малдың үлес салмағы ірі қара малдың жалпы басына шаққанда 7-ден 13 пайызға дейін өсті. Сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстармен айналысатын фермерлік шаруашылықтардың саны 2021 жылы 6 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды, – деді министр.
Дегенмен, ол мал шаруашылығы саласының даму қарқыны еліміздің қолда бар әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтіндігін баса айтты.
«Мал шаруашылығы өнімдерінің бірқатары бойынша импортқа тәуелділік сақталып отыр. Атап айтқанда, құс еті, ет және сүт өнімдері бойынша терең қайта өңдеу тек өңірлік қана емес, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін әлемдік экспорттаушылардың арасында болуға мүмкіндік береді», – деді Ербол Қарашөкеев.
Жаңылмасақ, қазақ жерінде 1930 жылдары отандық ірі қара ақбас сиыры өсіріле бастады. Ақбас сиыр – Қазақстан мал шаруашылығының брендтерінің бірі. Асыл тұқымды ірі қара ішінде ең кең тарағаны да, шаруашылықтарға көбірек пайда әкелгені де – осы сиыр. Ақбас сиыр басын көбейтіп, етін экспорттау мал шаруашылығын дамыту бағытына да сай келеді. Өкінішке қарай, еліміздің мақтанышына айналған ақбас сиырдың саны жыл санап азайып барады. 1992 жылы 1 миллион 16 мың бас сиыр болса, 2018 жылы 271 мың басқа дейін, яғни 3,7 есе азайып кеткені осыны көрсетеді. Кеңес өкіметі кезінде барынша тиянақты жүргізілетін селекциялық жұмыстардың тоқырауы, мал тұқымын асылдандыру ісінің назардан тыс қалуы асыл тұқымды мал басының азайып кетуіне себеп болғаны түсінікті.

«Өскен өңір» ақпарат агенттігі


24 қараша 2022 ж. 1 768 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031