Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Атырауда нан бағасы арзандады

Атырауда нан бағасы арзандады

Атырау қаласында нан бағасы арзандады. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметі 1 қарашада әлеуметтік маңызы бар нанның бағасы «Дәулет нан» сауда нүктелерінде 95 теңгеге дейін өскенін айтты. Басқарма басшысы Амангелді Саламат мұны электр энергиясының, жанар-жағар май бағасының қымбаттауымен байланыстырған еді. Сол себептен, наубайханалар нан бағасын бірте-бірте өсіруге мәжбүр болған. 

Атырау қаласында 10 қарашадан бастап «Дәулет нан» сауда желісінің нүктелерінде бірінші сұрыпты нанның құны бұрынғы бағаға дейін төмендетіліп, 90 теңгеден сатылуда. Бұған облыс әкімдігі «Дәулет нан» сауда желісіне тиесілі «Карат» ЖШС басшылығымен келіссөздер жүргізу арқылы қол жеткізді. Сондай-ақ, Атырау қаласының аумағында орналасқан супермакеттерде аталған нанның бағасы көтерілмеді. Атап айтқанда, «Лидер» және «Идеал» супермаркеттерінде бірінші сұрыпты нан 82 теңге, «Ярмарка» мен «Семья» супермаркеттерінде 90 теңге, «Марко» супермаркетінде 85 теңге, «Анвар» супермаркетінде 95 теңгеден сатылуда. «Атырау» ӘКК» АҚ арқылы бағаны тұрақтандыру жұмыстары тұрақты жүргізіледі, - дейді Амангелді Саламат.


https://baq.kz
11 қараша 2021 ж. 8 774 0