ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ
Е |
бойынша жұмыстар
жасауда.
2016 жылы кәсіпорын аммоний метаванадатын және ванадий бесокисін Тайвань мен Ресейге экспорттауды бастады. Аймақ басшысы Қ.Көшербаев мұнан бес жыл бұрын жасаған сапарында жұмысын енді бастап жатқан кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, бұл металдың пайдасы өте көп, бұған әлемде сұраныс жоғары деңгейде. Біз мұнай мен уранға сеніп жайбарақат отырмауымыз қажет. Таусылмайтын кен болмайды. Мұнай да сарқылады, уран да таусылар. Сондықтан, бізге осындай кен орындарын пайдаға асырып, өндіріп, экономикалық қуатымызды еселеп отыруымыз қажет, – деген болатын. Аймақ басшысы сол кезде облысымызда металл кластерін дамытуды ойластырып, Шалқия елді мекенінен кен байыту комбинатының құрылысын бастау қажеттігін қадап айтты. Айтқанындай қазір әлемде аталған шикізатқа сұраныс артып, соған орай соңғы жылы кәсіпорын экспорттың көлемін 3,2 есеге ұлғайтты. Қазір әлемде қорғасын-мырышқа да сұраныс жоғары. Соңғы уақытта уран мен мұнай бағалары мың құбылып, бір түсіп, бір көтеріліп келеді. Мұнайды айтпағанның өзінде еліміздегі уранның көлемі енді жиырма жылда таусылып тынатынын мамандар айтып отыр. Бұл көп мерзім емес.
Бүгінде Қазақстан шикізатсыз да күн көре алатынына көз жеткізді. Соның нәтижесінде, қазба байлық бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құрдық. Мәселен, бес жылда 50-ден астам өнеркәсіптік нысан қосылса, оның 16-сы ірі және орта кәсіпорындар. Шиеліде мия тамырын өңдейтін зауыт, қиыршық тас өңдейтін зауыт, әк зауыты, құс өсіретін фабрика, темір-бетон өнімдерін шығаратын зауыт, асфальт
зауыты секілді ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасап келеді.
Ағымдағы жылы тампонажды цемент өндіретін зауыт іске қосылады. Облыстағы аудандар ішінде индустриялық аймақтың үлкені де біздің Шиелі екенін атап өткеніміз жөн. Қорыта айтқанда, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қазіргі қарқыны жоғары деңгейде деп сеніммен айта аламыз.
Алтай АЙЫП.