Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде металл шикізаты қымбаттағандықтан, көлік бағасы да шарықтағалы тұр

Әлемде металл шикізаты қымбаттағандықтан, көлік бағасы да шарықтағалы тұр

Ресейлік "Коммерсант" басылымы металпрокат құнының күрт артып, машина жасаушылардың шағымданып жатқанын жазды, деп хабарлады paryz.kz.
Трактор мен комбайн өндірушілер үшін баға өсімі 35-50% болған. Автокөлік құрастыратын кәсіпорындарды да осындай жағдай күтіп тұр. Ақырғы өнім қымбаттап кетпес үшін машина жасаушылар билікке жүгініп, металл жабдықтардың шығынын азайтуға мүмкіндік беретін ішкі тұтынушыларға арналған құбылмалы экспорт салығын енгізуді сұрамақ.
Шикізат бүкіл әлемде қымбаттап жатыр. Мысалы, желтоқсанда Қытайдағы CFR темір кенін өндіретін базисте өнім бағасы 70%-ға, ал Түркияда 73%-ға өскен.
Егер билік дұрыс шешім қабылдамаса, өнеркәсіп компаниялары табыстан қағылмас үшін өнім бағасын көтеруге мәжбүр болады. Бұл жағдайда автокөлік екі есе қымбаттайды деп айту қиын, дегенмен көлік құны 10-15%-ға өсуі мүмкін.
https://paryz.kz/
13 қаңтар 2021 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930