Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерге қауіпті астероид жақындап келеді

Жерге қауіпті астероид жақындап келеді

Астрономдар алдағы екі күнде Жерден шамамен 8 миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеді. Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген, деп хабарлады paryz.kz, РИА Новостиге сілтеме жасап. 2020 WU5 астероиды 2020 жылы 29 қарашада NEOWISE ғарыш телескопынан алынған суреттерді зерделеу барысында табылды. Ал 4 желтоқсанда ол Халықаралық астрономиялық одағының кіші ғаламшарлар электронды нұсқаухатына енгізілді. Аспан денесі "аполлондар" тобына – жер орбитасын сыртқы жағынан кесіп өтетін жер маңы нысандарына жатады.
Ғалымдардың бағалауынша, оның диаметрі 0,5-тен 1,1 шақырымға дейін барады. Астероид Жерге қаңтардың 13-нен 14-іне қараған түні барынша жақындайды деп күтілуде. Астрономиялық нысанды объектив диаметрі 200 миллиметрден асатын телескоппен тамашалауға болады.
Астероид Жерден әжептәуір алыста ұшып өтсе де, ол қауіпті аспан денесіне жатқызылып отыр.

https://paryz.kz/​​​
13 қаңтар 2021 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930