Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәндіктер жүз жылдан соң жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

Жәндіктер жүз жылдан соң жер бетінен жойылып кетуі мүмкін


Бүгінде бүкіл әлем бойынша жәндіктердің азайып жатқанын байқауға болады. Егер бұл құбылысты тоқтата алмасақ, оның салдары үлкен апатқа әкелуі мүмкін. The Guardian басылымының жазуынша, ғалымдар мұндай қорытындыға келу үшін көптеген зерттеулер жүргізген. 
«Сидней университетінде австралиялық эколог Франциско Санчез-Байоның басшылығымен ғалымдар жәндіктер санының азаюына қатысты 73 зерттеуге анализ жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жәндік түрлерінің жартысы азайып, ал үштен бірі жойылу алдында тұр. Зерттеуде жәндіктер биомассасы жыл сайын 2,5 есе кемитіні жазылған. Мұндай қарқынмен жәндіктер жүз жылдан соң жойылып кетеді», деп жазады басылым. Автордың айтуынша, адамдардың жәндікке жаны ашымайды. «Адамдар құрт-құмырсқаларға келгенде тыжырынады, олардың неғұрлым аз болғаны жақсы деп ойлайды. Бірақ тұтастай бір экологиялық жүйенің күйреп жатқаны өте қауіпті» деп жазады автор.      
inform.kz
19 ақпан 2019 ж. 2 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930