Француз өнертапқышы пластикті сұйықтыққа айналдыратын құрылғы ойлап тапты
Отын орнына сұйытылған пластик. Француз өнертапқышы пластикті сұйықтыққа айналдыратын құрылғы ойлап тапты.
Инженер пластик үгінділерін 450 градуста балқытып, одан бірнеше шикізат өндіріп алады. Атап айтқанда, балқыған химиялық сұйықтықтың 65%-інен қозғалтқышқа арналған дизель отыны, 18%-інен шамдарға арналған сұйықтық, сондай-ақ газ, бояғыш заттар алынады. Өнертапқыштың айтуынша, бұл отын тапшылығы мен қоқыс мәселесі өткір тұрған дамушы елдер үшін таптырмас технология.
Ендігі жоспар – 2019 жылы құрылғының өндірістік үлгісін жасап шығару. Егер ол іске асып жатса, қондырғы химиялық сұйықтықты ыдырату арқылы сағатына 40 литр отын өңдіретін болады.
Естеріңізге сала кетсек, жыл сайын әлемде 260 миллион тонна пластик өндіріледі. БҰҰ-ның мәліметі бойынша пластик қалдықтардың 8 миллион тоннасы мұхитқа түсіп, су асты тіршілігіне қатер төндіріп отыр. Егер осылай жалғаса берсе, онда 2050 жылға қарай мұхиттағы балық атаулы құритын болады. Осы категория бойынша:« Германияда көмір өндіретін соңғы шахта жабылдыМәскеуде таңғажайып проекциялық шоу өтті »
24.kz