Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Британиялық ер адам өзенді асқабаққа мініп кешіп өтті

Британиялық ер адам өзенді асқабаққа мініп кешіп өтті


Британиялық Йорк қаласының тұрғыны Том Пирси 500 метр жерді асқабаққа мініп жүзіп өтіп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Today.kz Yorkshire Post газетіне сілтеме жасап. 
Том Пирси – атақты кукуруз лабиринтінің қожайыны. 618 килограмм салмағы бар алып асқабақты Хэллоуин фестиваліне арнап өсірген. Артық жерін кесіп тастап, қайыққа айналдырған. 
Асқабақты телескопиялық жүк құралының көмегімен суға салған. Жаужүрек британиялықтың қасында құтқарушылар болды. 
"Шынымды айтсам, аздап қобалжыдым. 500 метрді асқабақпен жүзіп өту менің өмірімдегі ең ыңғайлы саяхат болды деп айта алмас едім", – деді Том Перси журналистерге. Өзінің айтуынша, бірнеше рет аударылып кете жаздаған. 
Асқабақ суға түскендердің ішіндегі ең ауыры болды. Сондықтан да кейіпкеріміз Гиннесстің рекордтар кітабына енуге тілек білдірген.
http://today.kz
14 желтоқсан 2018 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031