Испанияда жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыз таныстырылды
Испанияда алғаш рет аса жоғары жылдамдықпен жүретін вакуумдық пойыздың толық нұсқасы көрсетілді.
Калифорниялық компания жасаған пойыз жылдамдығын сағатына 1 мың 200 шақырымға дейін ұлғайта алады. Hyperloop деп аталатын бұл пойыз сұйытылған ауа толтырылған жерасты құбырымен магниттік жастықша арқылы қозғалады. Оның жолаушылар отыратын бөлігінің салмағы – 5 тонна. Ұзындығы – 32 метр. Жалпы мамандар мұндай көлік құралының аса тиімді екенін айтып отыр. Қазір әлемнің көптеген елі оған қызығушылық танытуда. Айта кетейік, бұл көлік жүйесін жасау идеясын 2013 жылы америкалық өнертапқыш әрі миллиардер Илон Маск ұсынған еді.
Андрес де Леон, Hyperloop TT компаниясының өкілі:
- Бізге кезінде бұл жобаға миллиондаған доллар қаржы жұмсалып, кемінде 20-30 жыл кетеді деген еді. Бірақ біз оны қысқа уақыт ішінде жүзеге асырдық.
Дирк Алборн, Hyperloop TT компаниясының өкілі:
- Бұл пойыз қанатсыз ұшақ секілді. Мысалы, Мадридтен Барселонаға дейінгі жолға жиырма-ақ минут кететін болады.
24.kz