Венесуэлада жер сілкінісінен кейін биіктігі 200 метрлік ғимарат қисайып қалды
КАРАКАС. ҚазАқпарат - Каракастағы салынып бітпеген көпқабатты ғимараттың жоғарғы бес қабаты қатты жер сілкінісінен кейін қисайып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Биіктігі 190 метрлік ғимараттың құрылысы 1994 жылы тоқтатылған. Қараусыз қалған ғимаратты тұрағы жоқ, баспанасыз адамдар мекен етіп келген. «Confinanzas қаржы ғимаратының жоғарғы бес қабаты 25 градусқа қисайып кетті. Шығынның көлемі анықталуда, сол маңда қажетті шаралар жасалуда», - деп жазды елдің Ішкі істер, әділет және бейбітшілік мәселелері жөніндегі министрі Нестор Ревероль Туиттердегі аккаунтында. Еске сала кетсек, Венесуэланың солтүстігіндегі Саурк штатына қарасты Ягуарапаро қаласынан 19 шақырым жерде жойқын жер сілкінісі тіркелді. Елдегі Сейсмологиялық зерттеулер қорының есептеуінше, тербелісі 6,3 зілзаланың ошағы 100 метр тереңдікте болған. Биліктің мәлімдеуінше, жер дүмпуінен ешкім зардап шекпеген және ірі материалдық шығын келмеген.
inform.kz