Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалар қай жастан бастап басынан өткенді есте сақтайды

Балалар қай жастан бастап басынан өткенді есте сақтайды

Ұлыбритания ғалымдары адамдар арасында алғашқы естеліктері туралы сауалнама жүргізді. Нәтижесінде ерте жастағы естеліктердің ойдан шығарылатынын анықтады. Бұл туралы Psychological Science журналына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Сауланамада 6 641 адамнан жауап алынған. Олар өздерінің алғашқы естеліктерін сипаттап, өзін неше жастан бастап білетіні туралы сұраққа жауап берді. Қатысушылардың 2 мыңнан астамы (38,6%) алғашқы естеліктері 2 жасар кезіне сәйкес келетінін айтқан. Ал 893 адам өзін бір жасар кезінен бастап білетінін айтты.
Алайда ғалымдар адамдардың ұзақ есте сақталатын естеліктерді 3 жарым жасынан бастап есте сақтайтынын айтты. Сондай-ақ, мамандардың пікірінше, біз суреттердегі естеліктері, туыстарымыздың әңгімелері арқылы есімізде қалмаған естеліктерді өзіміз ойша «құрастырып» аламыз. Өз кезегінде бұл адамдардың өз өмірі туралы толық түсінгісі келетінімен байланысты екен.
Stan.kz

01 тамыз 2018 ж. 1 443 0