Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды

Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды

Жапония үкіметі Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізді. Арнайы көлік құралдарына арналған қозғалтқыш бөлшектерін қоса алғанда 335 позицияны экспорттауға тыйым салынды. Бұдан басқа химиялық қарудың өндірісімен байланысты химиялық заттарға да эмбарго жарияланды.
Шектеулер 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Ресейдің 11 азаматының, 29 ұйымы мен 3 банктің активтері санкцияға ұшырады. Тиісті тыйым Солтүстік Кореяның бір азаматы мен Грузияның бір банкіне де әсер еткен.

Шетелдегі 31 компания Мәскеуге санкцияны айналып өтуге көмектесті деп айыпталып отыр. Тізімде БАӘ, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Таиланд және Түркия елдеріндегі ұйымдардың да аты аталады.

Жапония сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Астанада тіркелген «Da group 22» компаниясы санкция астында қалған.

Фото: istockphoto.com

10 қаңтар 2025 ж. 738 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930