Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » TEKNOFEST-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

TEKNOFEST-2023 БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ




Аталған шарада заманауи технологияға арналған жарыстар 2023 жылдың 10 сәуірі мен 1 мамыры аралығына жоспарланған. Технология саласындағы ең үздік мамандар бас қосатын халықаралық шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына байланысты өте кең ауқымда аталып өтеді. Мысалы, сайыс шеңберінде Түркияның әр аймағынан келетін 332 мыңнан астам команда мен 1 миллионнан астам қатысушы Коджаели, Бурса, Анкара, Аксарай және Стамбұлда ұйымдастырылады.

Ұлттық технологиялық бағытта дамуды көздейтін “Тeknofest-2023” өз армандарын жүзеге асыру және технология жарыстарында үздік болу үшін күресіп жатқан жастардың табысты және өзіне сенімді жобаларының алаңына айналады.

Ататүрік әуежайында өтетін бес күндік фестивальда технология, ғылым, авиация және ұшу шоуларына толы бағдарламалар, марапаттау рәсімдері, көрмелер, саммиттер, семинарлар мен іс-шаралар болады.
Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры
19 сәуір 2023 ж. 389 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 100

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031