Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда тұрғындар жаңбыр суына да салық төлеуге мәжбүр

Германияда тұрғындар жаңбыр суына да салық төлеуге мәжбүр

Германияда тұрғындардың басым бөлігі жаңбыр суына салық төлейді. Жылына шамамен төлем мөлшері 150-190 евроны құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 70-90 мың аралығында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.



Германия тұрғындарының жартысынан көбі жаңбыр суы үшін де салық төлейді. Бұл негізінен коммуналдық алым болып есептеледі. Көбіне мұны жауын-шашын зиян келтіруі мүмкін аймақтардағы жеке секторлардың немесе көпқабатты тұрғын үйдің иелері төлейді. Өйткені жауған су бірден жерге сіңіп кете алмайды, ал асфальтты жерлерде тіпті мүмкін емес. Сол себепті де бұл суды кәріз арқылы ағызады. Тұрғындар осы үшін қомақты қызмет құнын береді. 
Орташа есеппен әр үй иесі бұл төлем үшін 150-190 евро шамасында ақша аударады. Бір қызығы бұған ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. 



Төлемнің мөлшерін азайтудың бір ғана жолы бар. Ол жеке үйіңізге жаңбыр суын жинақтайтын арнайы цистерналар орнату, терең шұңқыр қазу. Осылайша жиналған суды аулаңыздағы өсімдіктерді суғаруға құюға болады. Болмаса үй шаруашылығындағы жуатын заттарыңызға жаратасыз.
14 наурыз 2023 ж. 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031